Әлихан Бөкейханов университеті
Гуманитарлық факультет
Педагогика және психология кафедрасы
МОӨЖ № 2
Тақырып: «Басқару және білім беру аймағындағы психолог қызметінің моделі»
Сабақтың мақсаты: Басқару және білім беру аймағындағы психолог қызметі туралы түсініктерін жетілдіру.
Негізгі сұрақтары: Басқару және білім беру аймағындағы психолог қызметінің моделіне сипаттама. Психологтың жеке тұлғасы. Психологтың кәсіби қызмет моделі.
Қазақстанның жиырма жылдағы тəуелсіз дамуы елдің əлеуметтік-экономикалық саладағы дамуының арқауы болып табылатын рухани дамуда да сапалы өзгерістерді талап ететінін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Қоғам талабына қарай ғылым мен техниканың дамуы білім беру саласында жаңа технологияларды енгізуді талап етуі, əр маманның құзырлылығын, жауапкершілігін арттырумен қатар, тұлғаның белсенділігін, оның адамгершілік сапаларының жоғары деңгейін талап етеді. Əрине, адамның сапаларының негізі филогенезде қалыптасатыны белгілі болғанымен оның ары қарайғы өмір жолында дамуы онтогенездегі тəрбие мен əлеуметтік ортаның (микро, мезо, макро) ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Адам қоғамының басты мақсаты филогенездегі тұлға сапаларының əлеуметтік, рухани талаптар деңгейінде қалыптасып, дамуына ықпал ету болып табылады.
Білім беру жүйесі ұрпаққа адамзат қоғамының тарихында жинақталған мəдениеттің, қоғамдық сананың əр саласынан білім бере отырып, олардың өзі өмір сүретін ортада икемділігі мен қабілетіне қарай мамандық таңдап, қоғамның дамуына атсалысатын азаматты тəрбиелейді. Тəрбиенің басты өлшемі - тəрбиелілік, басқа адамның оның іс-əрекетін үлгі тұтуы, яғни адамгершілік сапаларын теориялық жағынан ғана біліп қоймай, өзінің іс-əрекетімен дəлелдеп, көрсетуі.
Қазірігі білім беру жүйесінде мектептің психологиялық қызметті жаңа дамып келе жатқан саланың бірі. Осыған байланысты шешуді талап ететин көптеген мәселелер бар. Біріншіден ол психологтың мектептегі статусы, оның құқықтары мен міндеттері, жауапкершілігі мен этикасы, жұмыс бағыттар мен құжаттары мәселесі толық белгіленуі тиіс.Психологиялық қызметтің басты мақсаты - даму мен оқу-тәрбиелеу процесін психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |