Сабақтың тақырыбы: Бағдарлауыш (Router)
Сабақтың мақсаты: Студенттерге Бағдарлауыш, желілердің қосылу жолдары туралы түсіндіру.
Бағдарлауыш (Router) Желіні бөлу үшін оларды тек сегменттерге ғана емес, жеке желілерге бөлу қажет. Бұл тапсырма бағдарлауышпен орындалады (4.16-сурет). Ол желілік адресті (3-деңгей) бағалайды және нақты желіге тиесілі дестелерді ғана жібереді. Кең хабар таратылмайды.
IPX/ SPX және TCP/IP сияқты әртүрлі желілік хаттамалардың бағдарлауыштары мултихаттамалы бағдарлауыштар (Көп функциялы бағдарлауыш) деп аталады.
1-сурет. Бағдарлауыш тәуелсіз желілерді қосады
Бағдарлауыш үлкен желіні ұсақ желілерге бөледі. Немесе әртүрлі желілерді өзара қосады. Әрбір бағдарлауыштардың порты қақтығыстық және кең таратылатын доменді құрайды. Бағдарлауыштар желілік адресті бағалайды (мысалы, IP-мекенжайы) және сондықтан да 3-деңгейде жұмыс істейді (2-сурет).
2-сурет. Бағдарлауыш 3-деңгейде жұмыс істейді
Бағдарлауыштар 3-деңгейде жұмыс істейді және желі адрестерін өңдейді. Коммутаторлар 2-деңгейде жұмыс істейді және MAC-адрестерін өңдейді. Шоғырлағыштар адрестерді өңдемейді және 1-деңгейде жұмыс істейді.
Шлюз (Gateway) OSI моделінің барлық деңгейінде жұмыс істейтін желілік құрылғылар шдюз деп аталады. Шлюздер жиі бір технологиядан екіншісіне, мысалы, IP-телефониядан жергілікті желі арқылы ескі телефон жүйесіне немесе телефон желісіне ауы суды қалыптастырады.
Бақылау сұрақтары:
Бағдарлауыш (Router) дегеніміз не?
Шлюз (Gateway) анықтамасы?
Достарыңызбен бөлісу: |