Сабақты өркен дейді. Өркеннің негізгі орталық тірек



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата20.10.2023
өлшемі194,78 Kb.
#120012
түріСабақ
  1   2   3


Өркеннің жалпы 
сипаттамасы. Бүршік. Сабақ. 
Жапырақ
ОБӨЖ2
Бижанова.А


Өркен (cormus) - біліктен, сабақтан жəне одан тарайтын жапырақтар мен 
бүршіктерден құралған жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі мүшелердін 
бірі. Репродуктивті өркендеп көбею мүшелері, спорангийлер, стробиллалар, 
гүлдер орналасқан.


Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас 
сабақты өркен дейді. Өркеннің негізгі орталық тірек 
бөлімі – сабақ. Оның тамырдан айырмашылығы 
жапырақ шығарады, буын жəне буынаралығы 
болады. Сабақтың жапырақ өсетін жуандау жерін 
буын, ал бір буын мен екінші буынның арасын 
буынаралығы дейді. Буынаралығы ұзын болса, 
ұзарған өркен, қысқа болса, қысқарған өркен деп 
аталады.. Жапырақтың сабаққа орналасқан жерін 
жапырақ қолтығы дейді.


Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жапырақтар жəне 
бүршіктер орналасқан сабағы өркен деп аталады. 
Өркен негізінен сабақтан жəне онда орналасқан 
жапырақтардан тұрады. Сабақ пен жапырақ төбе 
меристемасынан бір мезгілде пайда болады да тұтас 
бір мүше өркенді түзеді. Бүршік - жаңа өркеннің 
бастамасы, бүршіктен өркеннің бұтақтануы мен 
өсуі, яғни өркендер жүйесінің қалыптасуы жүзеге 
асады.


Бүршіктің түрлері. Бүршіктер орналасуына қарай төбе бүршік жəне қолтық 
бүршік деп бөлінеді. Төбе бүршік ұрықта қалыптасады, одан болашақта 
өркеннің барлық мүшелері түзіледі. Төбе бүршіктен өсімдік ұзарып өседі (2-


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет