Оқушылар: Жеке, жұптық, топтық гимнастикалық жаттығуларын, композициялық элементтер тапсырмаларын талқылайды және көрсетеді.
Пәндік лексика және терминология. Мыналарды қамтиды:
Тепе-теңдік, кеңістікте секіру, ауырлық
көлбеу, созылу, иілу
итерілу, жерге қону, секіру, тіреліп секіру, жанына қарай аударылып түсу
гимнастикалық снарядтар: шведтік қабырға, секірме, гимнастикалық керме, гимнастикалық ағаш ат, гимнастикалық кіші ағаш ат, гимнастикалық орындықтар, төсеніш.
Құндылықтарды дарыту:
Денсаулық: гимнастикалық жаттығулар адамның ағзасына жақсы әсер етеді.
Жауапкершілік: Акробатикалық жаттығуларды немесе комбинацияларды орындау барысында өздігінше, сенімді түрде орындау.
Әділдік: Берілген тапсырманы орындау барысында өзін және басқа оқушыларды дұрыс бағалайды.
Ұйымдастырушылық кезең. Oқушылapды сапқа тұpғызу сәлeмдeсу, түгeндeу. Оқушылармен бірге оқу мақсатына сәйкес бағалау критериін анықтау.
Жүpу жаттығулаp (аяқтың өкшeсiмeн, ұшымeн, iшкi жақпeн, сыpтқы жақпeн). Жүpудeн жүгipiскe көшу.
Жалпы дамыту жаттығулаpы. Оқушыларды топқа бөлу. Оларға карточкаларды таратамыз. Оқушылар карточкадағы нұсқауларға байланысты ырғақты гимнастиканың жаттығуларын біріктіру керек. Бірінші нұсқа: 6-8 жаттығулардың түрлерінен тұрады. Олар: бастың қозғалуы, аяқтың, дененің, белдін, жеңіл жаттығулар түрлері. Екінші нұсқа: 8-10 жаттығулардың түрлерінен тұрады. Төсеніште созылуға арналған жаттығулар. Үшінші нұсқа: барлық дене мүшелерінің бұлшық еттеріне арналған жаттығулардың түрлері. Тапсырмалардың бір нұсқасын құрып болғаннан кейін, топтар сәйкесінше орындап көрсетеді. Сосын шығармашылыққа байланысты бағалайды. Оқушылардың құрған немесе топтастырған ритмикалық гимнастиканың жаттығуларының жас ерекшеліктеріне сай болуын басты назарға алу керек. Берілегн тапсырманы музыкалық әуенмен орындауға ұсынамыз. Дескрипторлар: 1. Мұғалімнің берілген материалы бойынша ритмикалық гимнастиканың жаттығуларын топтастырады. 2. Берілегн тапсырманы орындап көрсете алады. 3. Берілген тапсырма бойынша талқылай алады немесе талдайды. 4. Шығармашылықты дамыту үшін өзінің кенесін айта алады.
Үлкен кеністік, ысқырауық.
Гимнастикалық төсеніш.
Карточкалар
Сабақтың соңы 5минут
Сабаққа рефлексия.
Сұрақ қою: Сабақта нені үйрендіңіз ? Сабақ кезінде қауіпсіздік ережесі сақталды ма ? Дене дайындығының жүктемесі адам ағзасына қалай әсер етеді ?
Бүгінгі сабақ сіздерге қандай пайдасын әкелді ?