Сабақтың тақырыбы : Бас иіп тағзым етеміз, Алаштың арыстары! Сабақтың мақсаты



Дата20.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#141321
түріСабақ

Шығыс Қазақстан облысы білім Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі бойынша білім бөлімі
«Шоқан Уәлиханов атындағы «Шоқан Уәлиханов атындағы
3 мектеп-лицейі» КММ №3 мектеп-лицейі» КММ
тәрбие ісінің меңгерушісі директоры________К.Газизова.
__________А.Махмутова

Сыныптар: 8 «А,Б,В,Д»
Сынып жетекшілері: Зейнелқан Г, Бигельдинова А.С, Тұрғанбекова А.Б, Жылкыбаева А.С


2022-2023 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Бас иіп тағзым етеміз, Алаштың арыстары!
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сталинизмнің орнығуы, жазалау шаралары. Халық қасіреті. Қазақстан – лагерьлер өлкесі. Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихына шолу жасау.
Дамытушылық: оқушылардың шығармашылықпен іздену арқылы олардың философиялық ойлау қабілетін жетілдіру, өз ойларын жеткізудегі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік: оқушылардың отаншылдық сезімін арттыра отырып, қиындыққа төзе біліп, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: концерттік
Көрнекі құралдар: Қазақстанның картасы, КарЛАГ картасы, қазақ зиялыларының суреттері, оқушылардың суреттері, слайд шоу.
Сабақтың барысы:
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! 1929-1938 жж аралығында қазақ зиялыларын қисынынан құлатқан «Құғын- сүргін құрбандарын» еске алу мақсатында «Бас иіп тағзым етеміз, Алаштың арыстары!» тақырыбындағы
Тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Кешімізді бастамас бұрын «Бір минут үнсіздікпен құрбандарды еске алсақ».
Қайран, қазақ елі... Жас ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең сары дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың қаны тамған топырақ исі мүңкіп тұр.
2-жүргізуші:
Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау “ Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама “ заманынан бастап, қойша қырылған " репрессия " жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кету қаупі тұрған еді.
1-жүргізуші:
Қазақстандағы тұнғыш репрессия 1928 жылдан басталды. Өйткені 1925 ж. Қазақстан өлкелік партия комитетінін 1 -хатшысы болып келген Ф.И.Голощекин республиканың саяси-экономикалық және әлеуеттік жағдайымен танысқаннан кейін «Қазақстанға Ұлы Қазан революциясының ешқандай ықпалы болмады,сондықтан мұнда «Кіші Қазан» революциясын жасау керек» деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялык шаралар жүргізе бастайды . Ол ең алдымен ескі зиялыларға ауыз салады. Солардын ішінде қазақстандық Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев , Ә.Ермеков т.б. болды.
2-жүргізуші:
«Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
Маған ауыр осылардың бәрінен"
Өз ауылымның иттері үріп қапқаны»
- деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқан еді
Оқушы: (Балауса) Халқым, елім, жерім, Атамекенім! Бірлігіміз білектің күшіндей еді ғой. Аш – жалаңаш қайда беттеп барамыз? Қара шаңырағым шайқалып, жерімнен қуылып қайдан, кімнен пана іздейміз?
Күнім не болады, заманым не болады, ұрпағымның күні не болады?Қу құдай, жаратқан ием, қолдай көр!Не жаздым бұл өмірде,не жаздым соншама?Найзаның ұшында , қылыштың жүзінде жүріп, ата-бабаларымның қаны төгіліп, қорғаған жері еді ғой!

1- жүргізуші «Видеоролик «Алжир лагері»


«Алжир» қойылымын талдау, өз әсерлерімен бөлісу «Падлет» тақтасында
«Алжир» мұражай кешенінен алған әсерімен мектеп ұстаздары бөліседі.

«LearningApps» платформасында «Кроссворд» шешу Сыныптар арасындағы сайыс


Оқушылардың дайындаған көрмесі.


8 «Д» сынып оқушысы Серікқанова Асылдың «Алаш көсемі» атты комикс альбомының таныстырылымы

Біз жастай солған жасампаз тұлғалардың алдында ғұмыр бойы бас иіп өтуге міндеттіміз.


Ән: «Атамекен»


Тоқтаубаев Алижан

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет