ТемірланЖорабай Ұлылар мекенінде (Семей сапарының силуэттері) І. Алматыдан аттану



бет1/14
Дата06.01.2022
өлшемі33,78 Kb.
#13282
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

ТемірланЖорабай
ҰЛЫЛАР МЕКЕНІНДЕ

(Семей сапарының силуэттері)
І. Алматыдан аттану
Сол күні алматының аспаны ерекше нұрланып тұрды. Маңдайын мәңгі аққырау шалған Алатаудың өзі сол нұрға балқығандай. Көктемнің соңғы аптасы. Тіпті көктем деп атамай-ақ қойсаңыз болады. Жаңбырлы маусым аяқталып, тіршілік біткен табиғаттың құдіретіне толығымен бас иіп, ми қайнатқанқан шіліңгір жазға айналып бара жатқан алапат бір кезең. Алып шаһар да сол аптаптың алғашқы апталығын қарсы алуда еді.

Сонымен, біз «Алматы-2» вокзалындамыз. Бүгін мамырдың жиырма алтысы, күн жексенбі. Бірнеше кезеңнен іріктеліп Абай еліне жолдама ұтып алған он шақты студент көптен күткен сапарға аттанғалы сақадай сай болып жиылып тұрмыз. Арамызда жаңадан қалам ұштап келе жатқан шикі қаламгерлер, домбыра асынған бірлі-жарым айтыскерлер, тамағын кенеп «Сегіз аяқты» айтуға әзірленген талапкер әншілер де бар. Осы сапарды ұйымдастырып, әрі жол бастап шыққан екі жетекшіміз де жақсы жарақтанып алған. Көңіл күй керемет. Барлығының кеудесінде желік, көңілінде ән, жанарында от, езуінде күлкі. Осынау ғажайып көріністі қас-қағым сәтте мәңгілік тарихқа айналдырғысы келген фотоаппарат қайта-қайта шарқ-шұрқ етеді.

Көп ұзамай ұзақ сапарға бапталған жарау аттай осқырынған көк тұлпар да келіп жетті. Біз ұлылар мекеніне аттандық.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет