Сабақтың тақырыбы: : «Таза болса,табиғат,Аман болар адамзат!»



Дата19.02.2023
өлшемі0,91 Mb.
#69262
түріСабақ
Байланысты:
Тәрбие сағаты.Таза болса табиғат, аман болар адамзат


Тәрбие сағаты.
Сабақтың тақырыбы: : «Таза болса,табиғат,Аман болар адамзат!»
Сабақтың мақсаты: Табиғатты қорғау. Экалогиялық тәрбие негізін қалыптастыру.Еліміздегі қалың жұрттшылықты алаңдатып отырған экалогиялық мәселелері туралы айту, адамдардың шаруашылық әрекетінен туындап отырған экалогиялық мәсеелердің шешу жолдарын табуға ат салысу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақты ән ұранмен бастау.
Мұғалім сөзі:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар ! бүгінгі 4 сынып оқушыылар дайындаған «Таза болса табиғат, Аман болар адамзат» атты тәрбие с асағатын ашық деп жариялаймыз.
1 жүргізуші . Орынкүл
Табиғатты тарылтпайық
Мөлдір тынық тынысын.
Пәк табиғат,
Жүрегімнің тамылжыған жырысың,
Ей адамдар
Қалай ғана қатігездік жасайсың,
Ол анаң ғой , ал сен оның кенже ұлысың.
2- жүргізуші. Алдияр:
Ей адамдар!
От сезім мен мейірім содан таралған
Тіршілік иесі –Жер анаға қараңдар.
Зор қайғыдан күрсінгенде.
Ах ұрады дүние
Жаратылыс заңдылығы бұзылса ,
Сонда болар,кім ие?
1- жүргізуші . Ұлдана
Пәк ауаға кешегі кім налады.
Түтін тұман аспанды тұмшалады.
Кір шалашды аққулардың қанатын
Соны ойласаң ,көңілді кір шалады.
2- жүргізуші. Данабек
Сексеуілдің орнында көмір қалып,
Аман ба,өзі тұрған өңір налып.
Ақ мамықтай ақша қар шаһарларға,
Енді жауса жауады қоңырланып.
1- жүргізуші . Ә,Асылжан
Бар дейсің бе ,өмірде азап ондай,
Дүние озса,ол енді азады оңбай.
Адам таза болмайды ешқашанда,
Айналайын табиғат таза болмай..
1-оқушы . Бақдаулет
--Экология!Бөтен сөз.
Бір туғаның бірақта
Білгенге бұл көсем сөз.
Мәңгі қалар құлақта,
«Эко-эко»--үй Отан,
Ежелден ақ грекше.
Сөз патшасын ұнатам,
Жүрегіме гүл ексе.
Бізге ғылым-«логия»
Тұтқасы ьар әлемнің,
Онсыз мекн жоқ ұя.
Жоқ киесі өлеңнің,
Өз үйің-өлең төсегің,
Табиғат боп қалады.
Оған атқан кесегің.
Өз басыңды жарады.
2-оқушы. Қарақат
Экология--өмірдің
Соғып тұрған жүрегі,
Ей,табиғат,балаңмын,
Ертңіңе алаңмын,
Денсаулығы ғаламның,
Денсаулығы адамның.
3-оқушы. Айдос
Арал қашып алысқа,сағындырып,
Көбікті іздеп,кез еді сағым мұңды.
Сортаң жердің сораңын дауыл жұтып,
Өртейді күн аптабы,шағыл құмды.

Мұғалім сөзі: Адам мен табиғат әрқашанда егіз.Табиғатты қорғаушың,асыраушың деуге болады.Ата-бабамыз»Жер-қазына,су-алтын,мал-байлық»деп өсиет айтып келгені тегін емес.Бүгінгі көрсетілер жұмысымыз да табиғатты қорғауды жетілдіру мақсатында болып отыр.


1-жүргізуші Қ.Ақнұр
Экология—Бүкіл адамзат баласының шалыс басқан іс-әрекетіне келешекте шек қоятын,оның тыныс-тіршілігіне тікелей атсалысатын ғылымның жаңа саласы.
2-жүргізуші . Шыңғыс
Табиғат,Жер Ана,Отан,Туған жер,Атамекен деген құлаққа жылы естіліп,жүрекке шаттық сезім ұяалататын ұлы да қасиетті,бір-бірімен мағналық мазмұны бай сөздер.Табиғат пен Жер Ананы сүйе білу,оны аялау адамның азаматтық борышы.
1-оқушы. Б.Ақнұр
Жер ана мен өз анаң егіз екен
Мейрімділері мейлінше теңіз екен.
Анам туды,жер ана жетілдірді,
Осыны өмірге негіз етем.
1-оқушы . Нұрасыл
Жаратылыс жан ана
Қарық қып суға,ауаға
Топырағымен асырап,
Сәулесін құйған санаға.
1-жүргізуші: Асел
Жер бетінде алашұбар дақтар көп.Адамзат баласының көз алдында таусылып,құрып бара жатқан Арал,Балқаш,Семей,Чернобыль қасіреті т.б.Соның бәрі адам қолымен салынған таңбалар.Алпысыншы жылдары кемерінен аса шалқыған қайран теңіз қазір құрдымға айналды.Арал тұрғындары арасында ауру-сырқау,өлім-жітім көбейді.
Ерқанат 2-жүргізуші:
Өзіміз күнде көріп жүрген салақтық пен немкеттілік те табиғатты бүлдіреді.Саяхатқа шыққанда немесе демалып отырған жеріне қалдыра салатын әр түрлі қалдықтар суды ластайды.Сөйтіп,табиғатты бүлдіретін өзіміз екенбіз.Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды.Елді мекен маңындағы ағаштардың кесілуі,бұлақ көздерімен өзендердің ластануы.кейбір аң-құстардың жойылуы бұл экологиялық мәселе.
Көрініс «Орманшының баласы».
Ән «Сары жайлау»
Дана.
1-жүргізуші:
Табиғат-бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы ме нөсіп-өнер мекені.
Жүсіп. 1-жүргізуші:
Табиғат—адамға қажает баға жетпес байлық Ырысы мол қазынаның қайнар көзі сондықтан халқымыз»Табиғат-адамзаттың өмір нәрі,қажетінің табылар содан бәрі»деп дәріптеген.Табиғат—адам бойына адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын
ұлағатты ұстаз..
Қ. Асылжан . 3-оқушы:
Табиғат-адам өмірінің барлық қажетін өтей алу үшін ол міндетті түрде еш теңемен былғанып уланбауы тиіс.Адам өзінің дде,Табиғаттың да досы,санасыз іс-әрекет жасаса,жауы бола алады.Адам баласы табиғаттыңең ұлы перзенті болуымен бірге ең ұлы қамқоршысы екенін естен шығармауымыз керек.
Сапарғали . 4-оқушы:
Табиғаттың тарылтпайық таза тынысын,
Пәк табиғат әр жүректің тамылжыған жырысың.
Ей,адамзат ақылға сал,қатігездік жасама,
Өзің дағы содан тудың,табиғаттың ұлысың.

Айымкүл . 5-оқушы:


Табиғат тынысы кең ,тілі бай,
Табиғат ана болып жылаған.
Бұлбұл сайрап кетсе,ал бірде,
Адамдарша сөйлейді екен ,күнім-ай.
Саят 6-оқушы:
Табиғатта әке болып еңіреп,
Табиғатта ана болып жылаған.
Айта алмаймын қасиетін мүлде мен,
Табиғаттан жаратылғам,гүлдегем.
Орынкүл 1-жүргізуші:
Табиғат--әсемдіктің төркінісің,
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Бүкіл адам табынып бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар тынысым.—дегендей кезекті биге береміз.
Ернар 7-оқушы :
Табиғатты қорғау үшін бәріміз,
Күресейік,бір-бір ағаш егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
Ұлдана 8-оқушы:
Табиғаттыңтынысы кең,тілі бай,
Ауасының шәрбәтын-ай,тұнығ-ай.
Бұлбұл сайрап кетсе,бірде ол
Адамдарша сөйлейді екен ,күнім ай!
Табиғаттың құшағы кең шуақты,
Көргем жоқ оған теңдес қуатты.
Күйіп-пісіп табиғатта кейде бір,
Адамдарша күңіренетін сияқты.
Алдияр 9-оқушы:
Табиғатты тарих талай сынаған,
Бірақ оған қаймықпаған, шыдаған.
Табиғатта әке болып еңіреп,
Табиғатта ана болып жылаған.
Айтаалмаймын қасиетін, мүлде мен,
Табиғаттан жаратылғам,гүлдегем.

Қарақат .1-жүргізуші: Табиғат адам бойына шабыт,көңіліне қуат,сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады.Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі.


Асылжан.Ә 2-жүргізуші:Адам табиғатқа мейірімділік пен ,сүйіспеншілікпен,қамқорлықпен қарап,үйлесімдік сақталғанда,адамзат баласы үшін табиғат –кең сарай,мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық!


Ән «Ала тау»
Б и «Шымкент қандай шырайлы»
Көрініс «Алтын балық»
Мұғалім: «Таза болса,табиғат,Аман болар адамзат!»деген Ф.Оңғарсынованың сөзімен бүгінгі сыныптан тыс жұмысымызды аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет