Сабақтың тақырыбы: 3D панорама және виртуалды тур Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата15.11.2022
өлшемі126,37 Kb.
#50211
түріСабақ

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

3D модельдеу

Педагогтың аты-жөні

Әбибулла Ж.Ғ

Күні

08.11-13.11

Сынып

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

3D панорама және виртуалды тур

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.2.4.3 - бірінші тұлға көрінісі бар 3D панорама жасау (виртуалды тур)

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Виртуалды турдың, 3D панораманың не екенін біледі;

Көптеген оқушылар:

Виртуалды тур және 3D панораманы жасауға арналған программалық қамтамасыз етілімді
таңдай алады;



Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
8 мин

1 Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Үй тапсырмасын тексеру.
Интербелсенді тақтадан ұяшықтар көрсетіледі. Ұландар ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап береді.
Әр дұрыс жауапқа 1 балл беріліп отырады

Топтастыру: Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері арқылы бөлу.


Мақсаты: Ұландардың патриоттық сезімін ояту.

  • Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу - сатқындық.

  • Тіл - ұлт қасиетін айқындайтын белгі, ұлттық салт-сана өзегі.

  • Өршіл рухтан - өлмес ерлік туады.

Жаңа тақырыпты ашу.
Интербелсенді тақтадан суреттер көрсетіледі. Осы суреттердің көмегімен жаңа тақырыптың атын ашады.



1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.



Жауап берген ұландар мадақтау әдісімен бағаланады.

Интерактивті тақта, слайд

Сабақтың ортасы
32 мин
Қорғауға әр топқа 5 мин беріледі.

Мұғалім жаңа сабақ тақырыбымен таныстырып, қысқаша түсінік береді.

Педагог бүгінгі сабақтың мақсаттарымен таныстырады:


 виртуалды тур;
 3D панорама дегенді;
 виртуалды тур және 3D панорама жасау үшін қандай программа таңдауды;
 виртуалды тур және 3D панораманы қалай жасау керек екенін білетін
боласыңдар.
Топтық жұмыс 1-тапсырма
«Кластер» әдісі
Оқушылар топта параграфтың мәтінін оқиды және 3D панорама және виртуалды тур тақырыбын ашады.
Әр топтың спикері өз кластерін қорғайды, қалған топтар нақтылаушы сұрақтар қояды.

1-топ 3D панорама және оның түрлері


2-топ Виртуалды тур және оның кезеңдері
3-топ 3D турлардың қолдану салалары


Оқулықпен жұмыс
– Технологиялардың дамуына байланысты үйден шықпай, компьютерді қосып
немесе смартфонды ұстап отырып, дүниежүзінің кез келген жеріне бару, музей мен
көрме залдарын аралау мүмкіндігі пайда болды.
Виртуалды турлар – ақпаратты ұсынудың ең тиімді және
сенімді тәсілдерінің бірі. Олар қызықты виртуалды экскурсияларды жасауға
мүмкіндік береді. Адам соның ішінде жүргендей сезімге бөленеді.
Педагог мәтінді бөліктерге бөліп оқытып, әр бөлікке түсіндіру жұмысын жүргізеді:


(Жаңа сабақтың қысқаша мазмұны)
3D панорама және виртуалды тур
3D панорама – компьютер
мониторында көрсетуге бейімделген қоршаған ортаның 360°-тық бейнесі.
3D панорамада
көру бағытын өзгертуге, суретті үлкейтуге, жеке бөлшек терді
қарауға болады.
3D панораманың түрлері:
1. Жазық панорама – бір неше кадрдан құралған қара пайым
кеңформатты фотосу рет.
2. Сфералық панорама. Сфералық панорамалар көлденеңінен
360° және тігінен 180° -ты қамтиды. Ол айна ладағы барлық
көрінетін кеңістікті қамтып, фотосу ретті сфераға жабады
және тұтас көлемді суретті береді.
3. Цилиндрлік панорама (циклорама) – көлденеңінен 360°-ты, ал тігінен 180-нен төмен градусты ғана қамти алады.
Панораманың бұл түрі, суреттің жоғарғы және төменгі шека-раларын көрсетуді қажет етпейтін жағдайда қолданылады.
Панорама айналадағы барлық көрінетін кеңістікті
көрсетеді, қолданушы 360°-қа бұрыла алады, бірақ төмен
немесе жоғары қарай бұрыла алмайды. Мұндай панорама
бірыңғай цилиндрді қалыптастыра отырып, сақина тәрізді
желімденеді.
4. Текшелі панорама. Панорама текшенің ішкі жағына проек-цияланады. Сфералық панорамамен салыстырғанда текшелі
панораманың артықшылығы: дайындау, сақтау, тасымал-дау қарапайымдылығы болып табылады, себебі күрделі
пішін бетімен емес, тек текшенің алты қырымен – жазық
және шаршымен жұмыс істеуге тура келеді.
Виртуалды турлар (3D тур) –бір 3D панорамадан басқа пано-рамаға өтуге мүмкіндік беретін бірыңғай «белсенді аймақтар»
3D турларды жасау үш кезеңде өтеді:
объектіні суретке түсіру, бірнеше суреттер алу;
суреттерді өңдеу;
виртуалды турды жинау.


Жеке жұмыс
2 тапсырма: Берілгендердің қайсысы 3D панорамасын жасау кезеңіне
жатпайды?
 Камераның әр бұрышынан бірнеше кадр жасау.
 Графикалық редакторда қосымша өңдеу.
 3D панорама жасау үшін кодты жазу.
 3D панорамада графикалық файлдарды түрлендіру.
 Арнайы құжат тігу программасында кескіндерді тігу.

3 тапсырма: ДК қосып, ғаламтор арқылы виртуалды тур жасау.


Тақырыптары:
ЭКСПО 2017, ҚР Бейбітшілік және Келісім сарайы, университеттер, Қонақ үйлер, мейрамханалар, дүкендерге саяхат жасау.



Сабақтың мақсаттарымен танысады.
Мұғалімді тыңдайды


Бағалау парақшалары әр топтан бір мүшесіне таратылады, жауап берген оқушыларды тыңдап бағалап отырады.



Смайликтер арқылы бағаланады.

Презентация
Оқулық

Смайликтер



Компьютер, ғаламтор

Сабақтың соңы
5 мин

Кері байланыс: Бес саусақ әдісі




Мұғалімге кері байланыс береді.

Өзін-өзі бағалау

Таратпа материалдар

Үй тапсырмасы

21-22 тақырыпты оқу.
70-беттегі сұрақтарға жауап жазу.









Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет