Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
|
.2.1.2* оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолдану;
1.3.5.1 мұғалімнің қолдауымен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру, қатені түзету;
1.3.6.1 жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу
|
Сабақ
тың басы
5 минут
Өткенді пысықтау
5 минут
Сабақ
тың ортасы
20 минут
Сергіту сәті
2 минут
Сабақты қорыту
6минут
Қосымша тапсырма
2минут
Кері байланыс
5 минут
|
Сабаққа дайындық жасау
Психологиялық ахуалды жақсарту
«Көңілді шеңбер» ойыны.
Балалар шеңбер жасап отырады. Бір-біріне мұқият қарап болған соң, көздерін жұмулары қажет. Сол кезде отырған балалардың алдына әртүрлі заттар қойылады (доп, көлік, секіртпе т.б.). Заттардың не екенін табады
Өткенді пысықтау
Бб дыбысы мен әрпін пысықтау
Оқылым
Ба-қа ар-ба шы-бын
Ба-лық дор-ба шы-бық
Шұбат бер
Бұзау бесеу
Тақырыпты ашу
Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.
1.Сурет бойынша әңгіме талдау.
«Балалар түнгі аспанды бақылады. Олар жарқыраған айды көрді. Арай жұлдыздарға қызыға қарады. Жұлдыз бен айды бақылау балаларға ұнады».
2.Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.
3.Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.
4.Өтілетін жаңа дыбысы бар «ай» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
5.Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.
6.«Й» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу.
7.«Й» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу.
8.Ермексаздан «й» әрпін жасау.
Жаңа тақырып
Оқылым.
1. Оқулықтың 54-бетінде берілген сөздер мен мәтінді мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтас оқуы.
2. «Й» дыбысының сөздің ортасында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.
3. Сөз мағынасымен жұмысты берілген сөздермен ұйымдастыру. Сөздің соңына (ай – тай), сөз ортасына (айна – Айнар), сөз алдына (йод – ойыншық) тиісті дыбысты қосу арқылы оның мағынасы өзгеретінін түсіну.
4. Мұғалімнің көмегімен «Менің алғашқы сөздігім» кітабынан «йод» сөзінің түсіндірмесін тауып оқуына қолдау көрсету.
5. Жаңылтпашты жаттатқызып, оқушылардың жаңылмай тез-тез айтуын ұйымдастыру.
Жазылым
1.Оқулықтағы «Й» әрпінің таңбалануына назар аудару.
2.«Й» әрпін тақтаға жазып көрсету.
3.«Й» әрпін ауада жазып көрсету.
4.Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.
Тіл ұстарту жаттығуы
Ай-ай-ай, жарқырап тұрған ай
Ай-ай-ай, шауып жүрген тай
Ой-ой-ой, өріс толы қой
Ой-ой-ой, болып жатыр той
ЕБҚ
Мына сөздерді буынға бөліп жаз:
Айна, оймақ, бой, алақай, қаймақ.
ЕҚБ
Й әрпі кездесетін сөздерді оқы. Олармен сөйлем құра.
Айнаш қаймақ жеді. Айран тәтті екен.
ФС тапсырмасы
Саралау тапсырмалары
Ребусты шешпес бұрын оқушыларға Қазақстанның рәміздерін атауды тапсыру.
Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:
1-деңгей:
Ребус шешуін дыбыс сызбасы арқылы тап (байрақ).
2-деңгей:
Байрақ сөзінің мағынасын сөздіктен анықта.
3-деңгей:
Байрақ сөзімен сөйлем құра.
Байрақ –бір елдің мемлекеттік рәмізі
ҚЖ:
Й мен И әріптерінің жазылу ретін анықта.
Қай әріп қай кезде жазылады?
Ж: Й-дауысты дыбыстын соң)
И- дауыссыз дыбыстан соң)
|
Ойын ойнайды
Өткенді пысықтайды
Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды
Өтілетін жаңа дыбысы бар «ай» сөзіне дыбыстық талдау жасайды:
«ай» бір буынды сөз екенін айтады
Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.
Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмалар
ды орындайды
Тіл жаттығуларын жасайды
Жеке жұмыстар жасайды
Сыбамен жұмыс істейді
Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.
Қосымша тапсырма орындайды
Кері байланыс береді
|
Мақтап,мадақтап отыру
Дескриптор:
Бб дыбыс мен әрпін меңгерген
Сөздерді оқи алды
Дескриптор:
Й» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысты.
Ермексаздан «й» әрпінің сұлбасын жасады
Дескриптор:
Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқыды.
Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқыды.
Мұғалімнің көмегімен «Менің алғашқы сөздігім» кітабынан «йод» сөзінің түсіндірмесін тауып оқыды
Дескриптор:
Сызықтарды бастырып жазу арқылы
«й» әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Үлгі бойынша сөздерді жазды.
Каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазды
Тамаша жұмыс!
Дескриптор:
1-деңгей
Сурет пен сөздің дыбыс сызбасы арқылы жаңа сөзді тапты
2-деңгей
Мұғалімнің көмегімен
«байрақ» сөзінің мағынасын білді.
3-деңгей
«Байрақ» сөзімен сөйлем құрады.
«Алма жинау» әдісі
|
суреттер
Суреттер
оқулық
оқулық
оқулық
Жазу дәптері
Суреттер
Тақта
Суреттер
Ребус жазылған плакат
Суреттер
Алма стикерлер
|