Тіл ұстарту –білім алушыларды шығармашылыққа баулунегізі» тақырыбында облыстық семинар -практикум
Тақырыптары: 1.Білім алушыларды шығармашылыққа баулу;
2.Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары;
3.Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында тілді дамыту мен ұстартуда қолданатын әдістер.
Әр оқушы—бір Жұлдыз. Жарқырауына жәрдем беретін—мұғалімдер. Сондықтан әр ұстаз сол жұлдызды сөндіріп алмай, мәңгілік жағатын құдірет иесі болуы керек. Шығармашылықтың ең биік шыңы – ақындық өнер. Ақындық өнер – сөз өнерінің аса қастерлі саласы, ақын бойындағы шығармашылық қуат пен шынайы таланттың биік өлшемі, ұлттық әдебиеттегі сезім мен сырға толы тамаша поэтик, дәстүр мен ақын шабытының астаса келіп, өлең құдіретінің жарқырап көрінер әсемдік әлемі.Өз тәжірибемдегі оқушыларды ақындық өнерге баулу жолдарына тоқтала кетсем.
.
ТІЛ ҰСТАРТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ (ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ ТУРАЛЫ)
. ЖАЗ ТУРАЛЫ КӨКТЕМ ТУРАЛЫ ТЕМ – ТЕМ – ТЕМ көңілді көктем ҮЗ – ҮЗ – ҮЗ жаңбырлы күз ЫС – ЫС – ЫС келіп жетті қыс ЛІК АЯҚ
СҰРАҚТАРҒА МАҚАЛМЕН ЖАУАП БЕР
. Жыланды қалай інінен шығарамыз? Аппақ қарға бола ма? Инемен құдық қазуға бола ма? Қар жана ма? Тауық түс көре ме? Ең тәтті не? Оттан да не ыстық? Жұмсақ кірпі бола ма? Кімнен кім жаман? Білгенің қанша, білмегенің қанша? Шашу мен жинаудың қайсысы оңай? Отқа түсіп күймеуге бола ма? Ер қаруы неше? Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр? Көрдім, көрмедім деген неше сөз? Етікті қонышынан басуға бола ма? Жыланды қалай інінен шығарамыз? (Жылы-жылы сөйлесе, жылан інінен шығады)
Инемен құдық қазуға бола ма? (Оқу – инемен құдық қазғандай)
Аппақ қарға бола ма? (Қарға баласын аппағым дейді)
Ең тәтті не? (Ананың сүті тәті, баланың тілі тәтті)
Қар жана ма? (Қалауын тапса, қар жанады)
Оттан да не ыстық? (Отан оттан да ыстық)
Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді)
Кімнен кім жаман? (Олақтан салақ жаман)
1.Шашу мен жинаудың қайсысы оңай? (Шашу оңай, жинау қиын)
2.Білгенің қанша,білмегенің қанша? (Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз)
3.Адамның қай мүшесі қорқақ,қай мүшесі батыр? (Көз – қорқақ, қол – батыр)
4.Отқа түсіп күймеуге бола ма? (Отан үшін отқа түс, күймейсің)
5.Көрдім, көрмедім деген неше сөз? (Көрдім деген – көп сөз, көрмедім деген – бір сөз)
6.Ер қаруы неше? (Ер қаруы – бес қару)
7.Етікті қонышынан басуға бола ма? (Қолыңнан келсе, қонышынан бас) 8.Түкіріктен көл құрала ма?(Көп түкірсе – көл)