Сабақтың тақырыбы: А. Асқар «Прописка»



Дата28.04.2023
өлшемі495,92 Kb.
#87839
түріСабақ

Қазақ әдебиеті. 6-сынып Бөлім: Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы есім Сабақтың тақырыбы: А.Асқар «Прописка» әңгімесінің тақырыбы, идеясы. Кейіпкер мен автор ұстанымы (5-сабақ)


Сабақтың мақсаты:
Бағалау критерийі:
Б/С1 Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру
1.Шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстырады.
2.Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.
Үй тапсырмасын бағалауға арналған тест.
«5 сұрақ», «5 жауап» әдісі арқылы
1.Әңгіме неге «Прописка» деп аталған?
А) сол замандағы қазақ қоғамының шындығын суреттегендіктен;
Б) автобустағы адамдардың пропискаға отыра алмауы туралы болғандықтан;
В) тіркеу орны туралы айтылғандықтан;
Г) шығарма тақырыбы астыртын ойы болғандықтан.
2.Архат қайда, не үшін кетіп барады?
А) жұмысқа;
Б) Алматыға;
В) Шірікаяқта тұратын үлкен ағасының үйіне «пропискаға» тұруға;
Г) Орынборға.
3.Шығармада қандай тарихи оқиға туралы айтылады?
А) желтоқсан оқиғасы;
Б) табиғат апаты;
В) жұмысшылар шеруі;
Г) ауыл тұрмыс салты.
4.Кейіпкердің желтоқсан оқиғасына қатысы қандай?
А) желтоқсан оқиғасын білмейді;
Б) желтоқсан оқиғасын естіген;
В) желтоқсан көтерілісіне қатысқан;
Г) желтоқсан оқиғасымен таныс.
5.Алтай табиғатының қатал мінезін автор қандай сөздермен берген?
А) құтырылға қарлы құйын,ұйытқыған боран, қағынған бурадай бұрқырап...
Б) сібірлеп жауған жаңбыр тамшылары терезені тырс – тырс соғады;
В) жайма шуақ жылы, күннің көзі бар сәулесі төгіп тұр;
Г)тау шыңдарына оратылған бұлттар жібектей үлбіреп, торғындай шұбатылады да, көңілді көтеріп, шаттандырды.
Композициялық талдау
Оқиғаның басталуы:
Оқиғаның байланысуы:
Оқиғаның дамуы:
Шарықтау шегі:
Шешімі:

Өзіңізді тексеріңіз


Оқиғаның басталуы: Архаттың жолға шығуы
Оқиғаның байланысуы: Боранның басталуы
Оқиғаның дамуы: Жаяу кеткен үш жолаушы
Шарықтау шегі: Ертістен өте алмаған автобус
Шешімі: Алтайға кері қайтқан Архат
1.«Прописка» әңгімесінің жанры: әңгіме
2.Оқиғаның өткен уақыты: 1987 жылдарды қамтиды.
3.Дәлел: Бәрінен де төрт ай бойы сергелдеңге салынғанын айтсаңшы. Сол бір Желтоқсанның бұрқағы болмағанда, құда да тыныш,құдағи да тыныш, Алматыға іргелес ауылына пропискаға отыра қояр еді. Сол бір сұмдық көтеріліске тайқы маңдайы тап келіп, қызуқандылықпен килікпегенде, қалың тұманда адасып қалған адамдай сандалмас па еді...
Биыл биік Алтайдың басындағы ұшпа бөркітұрмақ, етегіндегі жел қағып, қар тоқтамайтын тастақ қыраттары да наурыздың оқиға қырын жамылып, самарқау жатыр.
Тақырыбы: ерлік, туған жерге шексіз махаббат
Идеясы: шығарманың негізгі мұраты, идеялық қуаты – желтоқсан оқиғасы үшін қудаланған қазақ жастары өмірінің кейбір тұстарын сипаттау.Сондай-ақ автор Кеңес өкіметінің желтоқсаншыларға көрсеткен озбырлығын әрі қоғамнан шеттетуге ұмтылған теріс әрекеттерін сынап отыр.Және ұсақ детальдар арқылы қала мен ауылды байланыстыратын жолдардың жоқтығын шебер суреттеген (Ұлан асуындағы автобустың аударылуы, Ертіс өзенінен өте алмай кейін қайтуы).Болашақ ұрпақты Архаттың адуынды сөздері мен қайтпас мінезі арқылы ұлтшыл, патриот болуға шақырады.
Оқу тапсырмасы:
Автордың орнында болсам, әңгімені қалай аяқтар едім?» (өзіндік көзқарас, пікір)

Үй тапсырмасы: 5-тапсырма, 161-бет



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет