Сабақтың тақырыбы Абай Құнанбайұлы «Мен жзбаймын өлеңді ермек үшін»



Дата20.12.2023
өлшемі43,06 Kb.
#141480
түріСабақ

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: «Абайды оқы, таңырқа»

Мектеп: № 8- мектеп-лицейі






Күні:



Мұғалімнің аты-жөні:
Утепова С.К.




Сынып: 6

Қатысқандар:

Қатыспағандар:




Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбайұлы
«Мен жзбаймын өлеңді ермек үшін»




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т/Ж2 Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру




Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:
Шығарманың тақырыбы мен идеясын тани алады




Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы ажырата алады




Кейбір оқушылар орындай алады:
Шығармадағы жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді анықтайды, салыстырады




Бағалау критерийі

Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды
Өлеңде көтерілген әлеуметтік- қоғамдық мәселені түсіндіреді




Тілдік мақсаттар







Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
тосаңсу, барымташы, даңғой, бәңгі










Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы сияқты ұлттық немесе жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу шығарманың көркемдік және тарихи құндылығына баға беру арқылы іске асырылады.

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

Алдыңғы оқу




Жоспар

Жоспар/н
уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың
басы


3 минут Қызығушылықты ояту кезеңі



Қызығушылығын ояту
«Категориялы топтасытру» стратегиясы

Кім?

Қашан?

Қайда?

Қанша?

ақын
жазушы
сазгер
аудармашы

23.08
1845ж.
05.07
1904ж.

Семей обл,
Шыңғыстау

170 өлең
45 қарасөз
3 поэма
30 ән,3күй





Сабақтың ортасы


5 минут
3 мин

2 мин

3 мин


5мин.


2 мин

https://www.youtube.com/watch?v=iWKTX4E9vYg&ab_channel=gyljanatjaksibaevna
Осы сілтеме арқылы ақынның «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін тыңдайды.
Теория негізінде мәлімет беріледі.
Лирика- автордың немесе кейіпкердің дүниеге көзқарасы, оның сезімін, көңіл күйін суреттеп, әсерлі бейнелеу арқылы көрсететін көркем әдебиет түрі.
Тақырып- әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе, шығарма мазмұнының негізгі
арқауы, айтыла-тын жағдайлардың бағыт- бағдары
Идея- автордың өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы мен беретін бағдары
1- тапсырма
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінің тақырыбы мен идеясын анықтайды. Өлеңдегі әлеуметтік-қоғамдық мәселені ажыратады

Тақырыбы:
Көркем сөздің асылы-поэзия

Идеясы:
Ақын мен ақындықтың мұрат-мақсаты жайлы
жаңа көзқарасын білдіру арқылы өлеңді
құрметтеуге үндейді

Әлеуметтік –қоғамдық мәселе

Ақын да, ақынның өлеңі де халыққа қызмет ету
керек

Халық үшін адал қызмет ететін жастарға насихат еткен

Өлең үлгі- өнегеге үйретуші өнер екенін ұғындырған



Дескриптор:
-өлеңнің тақырыбын табады;
-идеясын анықтайды;
- өлеңдегі әлеуметтік-қоғамдық мәселені ажыратады.

2-тапсырма: Қажетті сөздерді қойып, өлең шумақтарын оқыңдар











1. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

2. Өлеңі бар өнерлі інім, сізге


Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге.
Өзге түгіл өзіңе
Есіл өнер қор болып кетер түзге,

қажетті сөздер: сыры көрмей, тілі орамды, бір байқарсыз,жиренбеңіз, пайдасы жоқ, кетер түзге.



Дескриптор:
-өлең шумақтарын оқиды,
-бос орынға қажетті сөздерді жазады,
3-тапсырма


«Т» кестесі әдісі бойынша жұмыс орындау


Өлеңдегі жағымды, жағымсыз қасиеттерді салыстыру.



Жағымды

Жағымсыз









Дескриптор:
-жақсы мен жаман қасиеттердің ара жігін ажыратады;
- жағымды, жағымсыз қасиеттерді салыстыра алады.
Cабақты бекіту



Өлеңдер

дұрыс

бұрыс







1

«Ғылым таппай мақтанба»













2

«Әсемпаз болма әрнеге»













3

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»













4

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»













5

«Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы»










Рефлексия:
-өлеңнің тақырыбын анықтадым;
-өлең идеясын білдім;
-көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені түсіндім;
-шығармадағы кейіпкер бейнесін салыстырдым.
ҚОСЫМША ТАПСЫРМА


1.Абай Құнанбайұлының «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін жаттау


2.«Абай ата- қазақтың данышпаны» атты арнау өлең жазу





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет