Сабақтың тақырыбы: Алтын адам



Дата15.12.2023
өлшемі16,72 Kb.
#138731
түріСабақ

Сынып: 5 (орыс сын.) ФАКУЛЬЬАТИВ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақтың тақырыбы: Алтын адам
Сабақтың мақсаты: Мәтінді түсіне оқи отырып, оқушылардың танымдық деңгейін көтеру. Мазмұнын өз сөздерімен байланыстыра айтуға жаттықтыру. Сұрақтарға еркін жауап беріп, тарих пәнінен алған білімдерін мәтінмен салыстыру. Сөздік қорын молайту, ой – өрісін дамыту, тақырыпты деңгейлік тақырыптық тапсырмалардың көмегімен меңгеру.
Оқушыларды өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін сүйетін отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Мәтінді түсінеді. Мазмұнын өз сөздерімен байланыстыра әңгімелейді. Сұрақтарға еркін жауап беріп, тарих пәнінен алған білімдерін мәтінмен салыстырады. Тапсырмалар арқылы сөйлеу тілін дамытады. Өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтейді.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: СТО элементтері, сұрақ – жауап, аудару, оқулықпен жұмыс, топпен жұмыс.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
2. Топқа бөлу: Оқушылар өздері таңдап алған суреттержі белгілі бір критерий бойынша екі топқа бөледі. Мысалы: суретті көрсетілген нәрсенің бас әрпі бойынша бөлінеді.
3.Үй тапсырмасын тексеру: Орталық мұражайдағы экспонаттарға шолу.
4. 135 – бет, Мәтіннен қос сөздерді теріп жазу, олардың жасалу жолын түсіндіру. Ат әбзелдерінін атауларын білу.

Жаңа сабақ. «Ой шақыру» Жұмбақ шешіп көрейік…
Бұл адам жай адам емес, өзі бір ерекше адам болған. Ол бүкіл әлемге танымал
Және бүкіл дүние жүзінде жалғыз – ақ. Ол адам б. з. д. V – IV ғасырларда өмір сүрген,бай отбасынан шыққан. Байлығы сонща асып – тасыған, тіпті бас киімі мен аяқ киімін де алтыннан тіккізген…
- Балалар, бұл адам кім?
- Әрине, бұл - «Алтын адам».
Тарих пәнінен «Алтын адам» туралы не оқыдыңдар, не білесіңдер, есімізге түсірейік.
Оқушылар «Алтын адам» туралы тарих пәнінен алған білімдерін еске түсіріп айтады.
Сөздік жұмыс: Оқы-айт-жаз-тексер» техникасы бойынша оқушылар жаңа сөздерді оқып, қайталайды, жазады, тексереді.
Шошақ төбелі – остроконечный
Әшекейленген – разукрашенный
Көсем – вождь
Өркениет – цивилизация
Қалыптасу – зарождаться, утверждаться
Жәдігер – экспонат, реликвия
Мәтінмен жұмыс.
1. Мәтінді кезекпен оқу.
2. Қиын сөздерді теріп жазамыз INZERT стратегиясы бойынша орындау.
( Түртіп алу)
«хайуанат нақышында»- в зверином стиле
Интерактивті тақтадан слайдтар көрсетіледі.
1 – слайд: Есік қорғаны
2 – слайд: Алтын адамды сипаттау (1 – топ)
3 – слайд: Кемел Ақышев туралы айту (2 – топ)
4 – слайд: Алтын адамның киіміндегі әшекей бұйымдарды суреттеу (3 – топ)
Деңгейлік тапсырмаларды орындау. I топтың тапсырмасы:
I – деңгей.
Екінші «Алтын адам» (Атырау) туралы әңгімелеу.
(Қайдан табылды, кім тапты, қай тайпаға жатады, т. Б.)
II – деңгей.
Мәтіннен сан есімдерді теріп жазып, мағыналық түрін анықтаңдар.
III – деңгей.
Сөйлемдерге мәтін бойынша қажетті сөздерді қойып жазыңдар:
1. Алтын адамды 1969 – 1970 жылдары…
2. Алтын адам киімі төрт мыңға жуық…
3. Бас киімінің ұзындығы…
4. Алтын адам – Қазақстанның…
5. Оның тұлғасы Алматы қаласының…
II топтың тапсырмасы:
I – деңгей.
«Сен қалай ойлайсың?» Қиял – ғажайып әңгіме құру.
Тірек сұрақтар:
1. Алтын адам қандай жауынгер болды?
2. Ол не үшін күресті?
3. Қалай қаза тапты?
4. Ол халқының мақтанышы бола алды ма?
5. Оны неге мұражайға қойды?
III – деңгей тапсырмасы:
Сөздерді бағдарсызықпен дұрыс сәйкестендіріңдер.
Дөңгелек адам
Алтын сақ
Әшекей заман
Ерте бұйымдар
Тайпасы алқа
III – деңгей
Мәтіннен жануарлар аттарын теріп жазып, септеу
(барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат)
Венн диаграммасын толтыру:
Екі Алтын адамды салыстыру.
Айырмашылығы: Бірінші «Алтын адам» Екінші «Алтын адам»
Кемел Ақышев тапты Зейнолла Самашев тапты
Б. з. д. V – IV ғасыр Б. з. д. III ғасыр
1970 ж. табылды 2000 ж. табылды
Сақ тайпасан болған Сармат тайпасынан
Ұқсастығы:
Екеуі де жауынгер
Ежелгі заманда өмір сүрген
Тарихи ғажайыптар
Екеуін де археологтар тапты
Бағалау: топ мүшелерінің бірін-бірі бағалауы және топты бағалау. Мұғалім сырттай бақылау жасау арқылы суммативті бағалау жасайды.
Кері байланыс:
Сабақ бойынша ойыңды білдір.
Қандай жаңа білім алдың?
Алған біліміңді алдағы уақытта қолдана аласың ба?
Тақырыпты талқылау барысында саған қиындық болдыма?
Үй тапсырмасы: «Менің қаламдағы мұражай» тақырыбына әңгімелеу.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет