Сабақтың тақырыбы: Ас – адамның арқауы Бүгінгі сабақта



бет1/3
Дата03.03.2022
өлшемі1,33 Mb.
#26942
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Панорамалық бейне сабақ Қалибек Оңалар (ас - адамның арқауы)

Сабақтың тақырыбы: Ас – адамның арқауы

Бүгінгі сабақта:

  • Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру;
  • Одағай түрлерін ажырата білуді, қолдануды үйренесің.

Қайталау – білімнің анасы

Сәйкестендір

1. Тұйық етістік

2. Есімше

3. Көсемше

4. Етістіктің шақтары

5. Етістіктің райлары

сәйкестендіру орны

А. Бірде етістік, бірде үстеу қызметін атқарады.

Ә. Іс-әрекеттің атын білдіріп, зат есімше түрленеді.

Б. Іс-әрекеттің жай күйін, орындалу мүмкіндігін білдіреді.

В. -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары бар.

Г. Сөйлеп тұрған сәтке байланысты іс-әрекеттің өту кезеңін білдіреді.

Қайталау – білімнің анасы

Жауабыңды тексер

1. Тұйық етістік

2. Есімше

3. Көсемше

4. Етістіктің шақтары

5. Етістіктің райлары

сәйкестендіру орны

А. Бірде етістік, бірде үстеу қызметін атқарады.

Ә. Іс-әрекеттің атын білдіріп, зат есімше түрленеді.

Б. Іс-әрекеттің жай күйін, орындалу мүмкіндігін білдіреді.

В. -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары бар.

Г. Сөйлеп тұрған сәтке байланысты іс-әрекеттің өту кезеңін білдіреді.

Ойтүрткі

1

    • Дұрыс тамақтану дегенді қалай түсінесің?


2
    • Сен дұрыс тамақтанасың ба?

3
    • Дұрыс тамақтанбаудың денсаулыққа тигізетін әсері туралы не білесің?

4
    • Күніне неше рет тамақтанасың?

Оқылым

Қазақтың дәстүрлі дастарқаны, негізінен, мал шаруашылығының өнімдері мен сүт тағамдарынан құралады. Ал егіншілік өнімдері – астық, көгөніс, жеміс-жидектер ұлттық тағамдарға қосалқы нәр беруші, дәмдегіш ретінде саналған.

Қазақ халқы мал етінен түрлі тағамдар дайындаған. Суға қайнатып, майға қуырып, қақтап, қарып пісірудің тәсілдерін жетік пайдаланған. Оларды сақтаудың бірнеше түрлерін білген. Сақтаудың әдіс-тәсілдері көшпелі тұрмыстың ауқымында сан ғасырлық тәжірибе негізінде қалыптасқан.

Еттен қарын бөртпе, қимай, қуырдақ, ми палау, сорпа, сірне, үлпершек, шұжық, қазы және т.б. тағамдар әзірлеген.

«Ағы бардың бағы бар» деп қазақ халқы сүт тағамдарын да ерекше қастерлеп, құт-береке, несібе деп киелі санаған. Абайсызда ақ төгілсе, оған саусағын малып, маңдайына жағып, ырыс-құт кетпеу ырымын жасайды. Түйе мен биенің сүтінен қымыз, шұбат, сиырдың сүтінен айран ұйытып, сары май шайқап, қатық, сүзбе, құрт сүзіп, ақ ірімшік, қызыл ірімшік, ежігей қайнатып, алуан түрлі тағамдар әзірлеген. Шөл қандыру үшін айранға су қосып шалап жасаған.

Халық егіншілікпен айналысып, бау-бақша өсіріп, отырықшылыққа бет алған дәуірден бастап, нан, жеміс, көгөніс тағамдары тұрақты мәзірден орын алды. Астықтан дайындалатын негізгі тағам- ның түрлері – бауырсақ, нан, шелпек, тоқаш. Тарыдан да сан алуан тағам түрлерін әзірлейді.



Қазақ үшін дәмнен, дастарқаннан үлкен нәрсе жоқ. Дастарқан басындағы сұхбат-әңгіме, ән-жыр – қазақ мәдениетінің мәйегі іспеттес. («Сен білесің бе?» энциклопедиясынан)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет