Сабақтың тақырыбы: Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеу жеке-дара ерекшеліктерін ескеру



Дата03.11.2022
өлшемі24,49 Kb.
#47308
түріСабақ

Модуль / пән атауы: Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесінің теориялық және практикалық негіздерін кәсіби қызметте қолдану
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеу жеке-дара ерекшеліктерін ескеру
Сабақтың мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеу жеке-дара ерекшеліктерін ескеру туралы жалпы ақпарат беру.
Міндеттері:
Білімділік: Студенттерді ізгілікті қарым – қатынас жасауға үйрету.
Дамытушылық: Студенттердің бойындағы жанашырлық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Студенттерді жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Бала дамуында жалпы және ерекше құбылыстар ажы-ралады. Жалпы құбылыс белгiлi жастағы барша балаларға тән, ал ерекшесi жеке балада көрiнедi. Ерекше қасиет-сапа-лар даралықты танытады.


Даралық бiр нақты баланы басқа балалардан ажырататын интеллектуалды, ерiк, моральдық, әлеуметтiк және басқа да бiтiстердің бiрлiгiмен сипатталады. Табиғат адам тегiне үлкен жомарттық көрсеткен: жер бетiнде екi бiрдей ұқсас адам болмаған және болуы да мүмкін емес. Әрбiр бала өз даралығында жалғыз да қайталанбас.Даралық нақты ерекшелiктерде (өзгешелiктерде) көрiнедi. Олардың шығу негiзi - әр баланың өз даму жолының болуынан, жоғары жүйке iс-әрекетiнің типологиялық бiрегейлiгiнен. Осылардың салдарынан баланың сапа-қасиеттерiнде өзiндiк белгiлер таңба басады. Даралық түйсiкте, қабылдауда, ойлауда, есте, қиялда, қызығуларда, бейiмдiлiкте, қабiлеттерде, темпераментте, мiнезде, яғни адамның барша психикалық болмысында байқалады. Даралық ерекшелiктерi тұлғаның дамуына ықпал жасайды, барлық сапалардың белгiлi күйге келуi, негiзiнен, осы психикалық өзгешелiктерден.
Оқу мен тәрбиеде балалардың даралық ерекшелiктерiн ескеру қажет пе? Әлбетте, “ия” деп жауап бересiз. Бiрақ, бұлай болмайды. Мамандар арасында бұл тақырыпта көп пiкiр таласы өрбiген. Бiр көзқарастар – жалпы мектеп даралықты ескере алмайды, тiптi ескерудің қажетi де жоқ, әр балаға өз алдына мектептің икемдесуi мүмкін емес. Барша балаға мұғалiм бiрдей қатынас жасаса, жетiп жатыр. Ұқыпты мен ерiншек, дарынды мен қабiлетсiз, әуесқой және ештеңемен қызықпайтын балалардың оқуы мен тәрбиесiнде қандай да айырмашылықтың қажетi жоқ. Бастауыш мектептi бiтiрген адам жалпы, баршаға бiрдей бiлiмдiлiк және тәрбиелiлiк стандартымен сипатталады.
Бұл тұрғыдан Гегельдің мына пiкiрi өте дәлелдi: “Адамдардың өзiндiк ерекшелiктерiн аса жоғары бағалаудың қажетi жоқ. Керiсiнше, ұстаз әр оқушының даралығын мұқият зерттеуi қажет, оған икемдесiп дамытуы керек деген пiкiр бос сөз, оның ешқандай негiздемесi жоқ. Мұндай қызметке тәрбиешiнің уақыты да жетпейдi. Ерекшелiк отбасында қабылдануы мүмкін, ал мектепте өмiр белгiлi ережеге, жалпыға бiрдей тәртiпке сәйкестендiрiледi. Бұл жерде балаларды өз даралығынан ажыратып, жалпы талаптарды орындауды үйренуге, жалпы бiлiм нәтижесiн игеруге бағыттау қажет. Осылайша баланың жандүниесiн қайта құру – тәрбиенің мән-мағынасы”.
Жаңаланған педагогика бұл мәселе бойынша басқаша бағыттан ой сараптайды: тәрбие балалардың даралық ерек-шелiгiн ескеруi және оларды пайдалануы қажет. Педагогиканың маңызды принциптерiнің бiрi ретiнде даралықты тану – бала тұлғасын және оның өмiр жағдайларын тереңдей бiлiп, мұны оқушы дамуын басқаруда орынды қолдана бiлу әр мұғалiмнің мiндетi.
Даралық бағыттағы педагогика – оқу мен тәрбиенің мақсаттары және негiзгi мазмұнының жеке оқушыға икемделуiн көзге ұстамай, педагогикалық ықпал формалары мен әдістерi мүмкіндiгiнше жоғары тұлғалық даму деңгейiн қамтамасыз ету үшiн даралық ерекшелiктерге сәйкестендiрiлуi қажет. Даралық бағыт әр оқушының танымдық күштерiн, белсен-дiлiгiн, бейiмдiлiгiн және дарынын дамытуға аса қолайлы мүмкіндiктер түзуге жәрдем бередi. Мұндай тәрбиелiк бағыт “қиын” шәкiрттер, қабiлетi кем оқушылар, сонымен бiрге, да-муы ауытқулы және кешеуiлдi балаларға мүлде қажет. Жоғары деңгейде дамыған балалар, вундеркиндтер де осы бағытта тәрбиеленгенi жөн. Даралық бағыты тәрбиенi iзгiлендiру идеясымен ұтымды ұштасады. Гуманистiк тәрбие үшiн басты құндылық – барша жақсы және жаман тараптарымен, артықшылығы және олқылықтарымен, тұлғалық ерекшелiктерiмен танылған оқушының өзi. Гуманист педагог өзiнің тәрбиелiк iстерiн баланың жеке қызығуларын ескере отырып, атқарады.
Балалардың даралық ерекшелiктерiн ескеру – өте маңызды, тартымды және қажеттi бола тұрса да, сыныпта 20-30 оқушыны оқытып, тәрбиелеп жатқан бiр мұғалiмге өте қиын. Мұғалiм қызметi өте ауыр. Балалар әрқилы, бiрi жолдасын өкпелетiп, өз қылығына қиналады, iстегенiнің қателiк болғанын сезiнедi. Ал екiншi бала, тiптi де қылығына ұялмайды, тек жазадан қорқады. Ал үшiншi бiреуi өз қылығын ақтап, жазаның әдiлетсiз екенiн дәлелдеп бағады. Бiздің тәрбиешiге айтарымыз – баланы түсiн. Түсiнсек: әркiмдiкi өзіне жөн. Ендi қайтемiз? Ендi жүгінетiнiмiз –шынайылылық. Екi шындық болмайды. Барша бой ұсынатын заңды ережелер бар. Тәрбиешi бұл мәселелерде берік, өзіндік пiкiр, көзқарас ұстануы тиiс. Гуманизм тек қайырымдылық емес, бұл әдiлдiк, шынайлылық.
Қортындыласақ, әр балада оны басқалардан ерекшелейтiн даралық болады. Мұндай даралық оқушылардың түйсiгiнде, қабылдауында, ойлауында, есiнде, қиялында, қызығуларында, икемдiлiгiнде, қабiлеттерiнде, темпераментiнде, мiнезiнде көрiнедi. Даралық ерекшелiктер тұлға дамуына ықпал жасайды.
Үйге тапсырма: Дәрісті оқып, «Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеу жеке-дара ерекшеліктерін ескеру» туралы слайд дайындаңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жексенбаева Ү.Б.Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.А.,2005.
2. Безрукова В.С.Как написать реферат,курсовую,диплом. – СПБ,2004.
3. Загвязинский В.И.,Атаханова Р.Методология и методы психолого педагогического исследования. – М.,2003.
4. Қоянбаев Р.М,Қыяқбаев Ұ.Қ.бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесінен диплом жұмысы. – А., 2004.
5. Скалкова Я.И др.Методология и методика педагогического исследования. – М.,1986.
6. Нағымжанова.Қ. Педагогикалық инновацияның зерттелуі Бастауыш мектеп.-№3 1999ж

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет