Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі С. Оразова



бет1/2
Дата16.01.2023
өлшемі18,56 Kb.
#61551
түріСабақ
  1   2

Ақын Сара атындағы орта мектеп
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі С.Оразова

Сарқан қаласы
2015- 2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Сабақтың мақсаты: оқушылардың тұрлаулы мүшелерден алған білімдерін толықтыру, бастауыш пен баяндауыш арасында қандай жағдайда сызықша қойылатындығын меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамытып , өз ойын жүйелі түрде жеткізе білуіне дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды ұқыптылыққа, таза, сауатты жазуға, еңбексүйгіштікке баулу.Өз елін, жерін қорғайтын, тәуелсіздікті бағалайтын, өршіл, рухты ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, семантикалық карта, қазақ тілі оқулығы.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу,сабаққа
назарын аудару.
II.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
І. Алдымен өткен тақырыптарға шолу жасап өтейік.
1.Сөйлем дегеніміз не?
2.Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай нешеге бөлінеді?
3.Сөйлем құрамы мен құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
4.Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
5.Сөйлем мүшелерінің түрін ата?
6.Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді?
7.Бастауыш дегеніміз не?
8.Баяндауыш дегеніміз не?
Біздің негізгі тоқталатын тақырыбымыз бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша.
ІІ. Сұрақ.
1.Қандай жағдайда бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылады?
ІІІ. Топпен жұмыс
Осы айтылған ережелерді толық меңгеру үшін топпен жұмыс жүргіземіз.
Сызықшаның қойылу себебін түсіндір.
I топ Бөрік - адамға көрік.
Бұл - үлкен қуаныш.
Ол - әйгілі әнші.
II топ Көшеден жол тарту - бәрімізге ортақ іс.
Бес жерде бес – жиырма бес.
Жер тағдыры – ел тағдыры.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет