Психологиялық дайындық. Көршілерінің аттарының бірінші әрпіне байланысты сын есім айту. Мысалы: Рамазан – рақымды...
Үйге берілген тапсырманы жұптасып тексереді. Кезекші оқиды, қалғандары тексереді.
4-жаттығу.Берілген сын есімдерге қарсы мәндес сын есімдер тауып жазады.
Ауызша сын есім ережесі, қарсы мәндес сын есім ережесі сұралады.
Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбын хабарлаймын. Оқушылардан бүгінгі сабақта немен айналысатынын сұраймын.
Сабақтың мақсаты айқындалады. Сан есімдерді табады, түрлеріне қарай ажыратады. Ережесімен танысады.
Бағалау парағын түсіндіру, балаларға таратып беру.
-Балалар, біз бүгін сендермен «Теңіз қарақшылары» ойынын ойнаймыз. (Ойын шартымен танысады: Теңіздің картасын екі топқа үлестіру, карта арқылы қарақшылар ұрлаған сандық ішіндегі қазынаға қол жеткізеді, ол үшін тапсырмаларды орындап, Алтын теңгелерді топ қоржынына жинайды.)
Дәптермен жұмыс.Күн ретін және көркем жазу сәтін жүргізу.
Tt taýyq, taraq, tekemet.
Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. ӨБЖ Дескриптор құрастырады. (4 балл)
1.Сөйлемдерді оқиды
2.Сан есімдерді теріп жазады
3.Дара және күрделі сан есімдерді ажыратады, астын сызады
4.Сауатты, көркем жазады.
ӨБЖ. Тапсырмасын тексереді кері байланыс береді. Бағдаршам арқылы өзін-өзі бағалау. «қанша балл қойғанын, себебін анықтаймын)
Жаңа тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіледі. Дара және күрделі сан есім.
-Балалар, қане сан есім туралы не білдік?
Б.Ж.
Келесі порт: Өртті қарақшы тапсырмасы. Топтық жұмыс. (3 балл)
Топқа мәтінді беремін. Дескриптор:
1.Сөйлемдерді оқиды.
2.Дара және күрделі сан есімдері бар сөйлемдерді көшіріп жазады.
3.Қатесіз, көркем жазады.
І топ
Киттің түрі – жолақ кит. Оның ұзындығы отыз үш метрге дейін, салмағы 150 тоннаға дейін жетеді. Оның жаңа туған баласының ұзындығы алты метрден асады.
ІІ топ.
Табиғатта өмір бойы аяғынан тік тұруымен өтетін жануарлар бар.Олар – пілдер. Пілдің дене тұрқы- 8 метрге дейін жетеді.Салмағы тоғыз тоннадай болады. Олар жетпіс-сексен жыл өмір сүреді.
Әткеншек әдісі арқылы топтық бағалау.
Бөтелкедегі хабарлама.Топтық жұмыс(3 балл)
Дескриптор
1.Берілген сөздерді оқиды.
2.Сөздерден сөйлем құрастырады.
3.Дара және күрделі сан есімдерді ажыратады.
1 топ.
Búgіn aqpannyń on segіzі. Bіzdіń synypta jıyrma oqýshy bar.
2 топ.
Toqtar Áýbákіrov bіrіnshі qazaq ǵaryshkerі. Aptada jetі kún bar.
Топтар жұмыстары алмастырылып бір-бірінің жұмыстарын тексереді.
Топтық бағалау, кері байланыс береді.
|