Сабақтың тақырыбы Егіншілік қалай өзгерді? Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата29.03.2022
өлшемі269,88 Kb.
#29145
түріСабақ

Бөлім:

Заттар және олардың қасиеті.Табиғат ресурстары.

Машықкердің аты-жөні

Жақсыбаева Аружан Жасұланқызы

Күні:




Сынып:

3 «Б»

Сабақтың тақырыбы

Егіншілік қалай өзгерді?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.3.4.2 топырақтың негізгі құрамын зерттеу құм,саз,өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары,су,ауа.

3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау.




Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы: топырақтың негізгі құрамын зерттейді

Оқушылардың көпшілігі:егіншіліктіңартықшылығы мен кемшілігін анықтайды

Оқушылардың кейбірі: қазіргі егіншілік пен ежелгі егіншіліктің айырмашылығын біледі.



Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Амандасу

Психологиялық ахуал.

1)Қазақтарда- қол алысып амандасады.

2)Италияда- кеудесін қағады.

3)Бразилияда-бір-бірінің иығын қағады. 4)Никарагуада-арқасымен амандасады.

5)Зимбабеде- шынтақпен амандасады.

6)Австралияда-шапалақпен амандасады.

«Қырлы қағаз» әдісі Ойыңмен бөліс. Сұрақтар арқылы оқушылардан тақырып бойынша бастапқы білімін қалыптастыру. Егін мен малшаруашылығының қайсысы ертерек пайда болғандығын талдау. Қарастыратын сұрақтар: -Оқулықта берілген суреттерді салыстырып көр. Не байқадың?Егін егу дегенді қалай түсінесіңдер? - Мал бағуды қалай түсінесіңдер?

- Егін егу мен мал бағу сөздері несімен ерекшеленеді?

- Егін шаруашылығында не істейді?

Мал шаруашылығында ше? - Қайсысы ерте пайда болды деп ойлайсыңдар?



«Ойыңмен бөліс» әдісі

Қайсысы ертерек пайда болды деп ойлайсың егін егу ме,мал бағу ма?







Амандасады, жағымды психологиялық ахуал орнатады.

Дескриптор:

Сұрақтарға жауап береді (2 балл)



Дескриптор:

Егін егу мен мал бағудың қайсысы ертерек пайда болғаны туралы ой бөліседі. (1 балл)



«10 баллдық жүйе» бойынша жүргізіледі

1 фишка – 1 балл







Сабақтың ортасы

Кестемен жұмыс

Егіншілік пен астық шаруашылығының айырмашылығын тауып жаз.

Жанеде суретке қарай отырып шаруашылықтың құралдары қандай өзгеріске ұшырады жазамыз!

Егіншілік

Астық шаруашылығы







Сұрыптау!

Мақсаты: Оқулықтағы суреттерді пайдалана отырып, оқушылар сұрыптаудың маңызын, селекцияның мағынасын түсінеді. Жетекші сұрақтар арқылы тақырыпты орындау. Сұрақтар:

-Оқулықтағы суреттерді сипаттаңдар. Не көріп тұрсыңдар?

-Көкөніс пен жемістерді өсіру үшін не керек?

-Тұқым дегенді қалай түсінесіңдер?

Ол не үшін керек?

-Тұқымнан дұрыс өнім шығу үшін не істеу керек? -Жаңа сұрыптармен айналысатын ғылым туралы не білесіңдер?

Суреттегі өсімдіктерді салыстыр.Олардың қайсысының тұқымын алуға болады.





Дескриптор:

Егіншілік пен астық шаруашылығының айырмашылығын тауып жазады. (3 балл)



Дескриптор: әртүрлі өсімдіктерді салыстырып жазады. (3 балл)

.



кесте



Сабақтың соңы

Қорытынды

«3 минуттық эссе» әдісі

«Егіншіліктің адам өміріндегі маңызы»



Рефлексия

«Алма ағашы» әдісі





Бағалау.

Үй тапсырмасы:

Сабақты қорытындылап, эссе жазады

Сабаққа баға береді









Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет