1.Химияның негізгі түсініктері.Эквивалент Химия – заттарды және олардың бір-біріне айналу заңдылықтарын зерттейтін жаратылыстану ғылымы. Химия элементтерді (атомдарды), жай және күрделі заттарды, олардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін, химиялық өзгерістер мен оған әсер ететін жағдайлар мен өзгерістер кезінде байқалатын құбылыстарды зерттейді.
Қарапайым бөлшектер - өз құрылымы мен құрамы болмайтын бөлшекті элементар бөлшек дейміз. Заттың ең ұсақ және ішкі құрылымы ең қарапайым деп есептелетін бөлшектер. Атом - Химиялық элементтерді құрайтын, олардың өзіне тән ерекшеліктерін сақтайтын ең кішкене бөлшек. Молекула - жай немесе күрделі заттың негізгі химиялық қасиеттерін сақтайтын және өздігінен өмір сүретін ең кіші бөлшек.
Эквивалент дегеніміз – химиялық элементтер бірімен-бірі қандай салмақ мөлшерінде қосылатындығын көрсететін сан. Химиялық элементтер бір – бірімен әрекеттесіп қосылыс түзгенде, ондағы элементтердің мөлшерлері әр уақытта тұрақты болатынын құрам тұрақтылық заңы көрсетеді. Сондықтан химияға эквивалент түсінігі енгізілді.
2.Зат мөлшері. Моль
Зат мөлшері - берілген денедегі молекулалар саны 12 грамм көміртектегі атомдар санынан қанша есе артық болатынын көрсететін физикалық шама
Моль (моль, mol) – бірліктердің халықаралық жүйесіндегі зат мөлшерінің өлшем бірлігі. Заттың 1 моліндегі молекулалар (атомдар, иондар немесе қандайда бір басқа заттың құрылымдық элементтері) саны 0,012 кг 12С (атомдық массасы 12-ге тең көміртегі нуклиді) құрамындағы атомдар санына, яғни 6,022*1023-не тең; қ. Авогадро заңы.
3.Термохимиялық теңдеулер. Гесс заңы
Термохимиялық теңдеулер.Химиялық реакциялар жүру барысында реакцияға түскен зат молекулаларындағы байланыстар үзіліп, реакция өнімдерінің молекулаларында жаңа байланыстар түзілу керек Бұл үрдістер энергия өзгерістері арқылы жүзеге асады. Энергия сақталу заңы бойынша кейбір реакциялар жылу бөле(экзотермиялық) ал кейбіреулері жылу сіңіре (эндотермиялық) жүреді, олар реакция теңдеулерінде көрсетілсе, мұндай теңдеулер термохимиялық теңдеулер деп аталады.
Гесс заңы бұл қарапайым алгебралық қосындылар арқылы химиялық реакция энтальпиясын анықтауға мүмкіндік беретін энергияның сақталу заңының тағы бір көрінісі. Энтальпия деп кез-келген химиялық реакциямен немесе химиялық құбылыспен байланысты тұрақты қысым кезінде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу түсініледі.
4.Реакция өнімініің шығымын анықтау.
5.Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Реакция жылдамдығына коцентрацияның әсері.
Химиялық реакция жылдамдығы деп уакыт бірлігінде жүйедегі жүретін реакциялардың элементар актісіндегі зат концентрациясының өзгерісін (гомогенді реакция) айтады.