Сабақтың тақырыбы: Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Білім беру ұйымының атауы



бет1/4
Дата03.12.2023
өлшемі244,12 Kb.
#133332
түріСабақ
  1   2   3   4

Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі.

Білім беру ұйымының атауы:

№63 мектеп – гимназия

Бөлімі:




Педагогтың аты – жөні:

Сәрсен А.Ө.

Күні:




Сыныбы:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

8.4.1.6 - электр өрісі ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру және оның күштік сипаттамасын анықтау;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады:
Электр өрісі” ұғымының физикалық мағынасын түсініп, оның күштік сипаттамаларын анықтай алады.
Көптеген оқушылар істей алады:
Біртекті электростатикалық өрісте зарядқа әрекет ететін күшті есептей алады.
Кейбір оқушылар істей алады:
Күш сызықтары арқылы электр өрісін графикалық түрде бейнелей алады.

Бағалау критерийлері:

  • “Электр өрісі” ұғымының физикалық мағынасын түсінеді.

  • Электр өрісінің күштік сипаттамаларын анықтайды.

  • Біртекті электростатикалық өрісте зарядқа әрекет күшті есептейді.

  • Күш сызықтары арқылы электр өрісін графикалық түрде бейнелейді.

Құндылықтарға баулу:



Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын дарытуда оқушыларға оқу үдерісінде бақылау жүргізуге, топтастыруға, зерттеуді жүйелеуге, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру мен оларға түсінік беруге үйрету.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/
Уақыты

Педагогтың іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
10 минут

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Сандар белгіленген карточка арқылы 3 топқа бөлу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Өткен сабақты сұрақтар қою арқылы пысықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет