Сабақтың тақырыбы: «Әнші құм» Оқу мақсаттары



Дата26.12.2023
өлшемі24,98 Kb.
#143534
түріСабақ
Байланысты:
14 сабақ. Әнші құм


Мұғалімнің аты-жөні:

Алпысбекова Гүлнұр Алпысбекқызы, #3 мектеп-гимназиясы, Нұр-Сұлтан қаласы

Пән/сынып

Қазақ тілі мен әдебиеті, 5 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

4 тоқсан, 3 апта, № 14 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

12 тарау: Ұлы дала табиғаты

Сабақтың тақырыбы:

«Әнші құм»

Оқу мақсаттары:

5.1.6.1Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау
5.2.1.1. Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу.

Сабақ мақсаттары:

Бағалау критерийлері:

  • Бейнежазбаның мағынасын түсінеді;

  • Негізгі ақпараттарды анықтайды;

  • Антоним, синоним, омоним сөздерді орынды қолданады.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
(Жаңа тақырыптың түсіндірілуі)

Бірлескен жұмыс
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны

Мұғалімнің зерттеуі мен бақылауы не?

Ресурстар







Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! Қазақ тілі мен әдебиеті сабағына қош келдіңіздер. Сіздермен Қазақстанның көркі көз жетпейтін жерлеріне саяхат жасауды жалғастырамыз. Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Әнші құм».


Жаңа сөздер.
Төбе – жоғарғы жақ
Желсіз – Ауа райы болжамына сүйенсек ертеңгі күн желсіз болады.
Жаңбырлы – Кеше күн жаңбырлы болды.

Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазып, жаттап алыңыздар!




Бейнежазбаны тамашалаңыз!


1-тапсырма. Көрсетілген бейнежазба негізінде келесі кестені толтырыңыз.
Дескриптор:

  • Бейнежазбаны түсінеді;

  • Кестені дұрыс толтырады.

«Әнші құмның» екінші атауы:




«Әнші құм» орналасқан қорық:




«Әнші құм» орналасқан таулар:




«Әнші құмның» биіктігі:




«Әнші құмның» ұзындығы:




«Әнші құмның» ені:




Аңызға сәйкес «Әнші құмның» астында кім жерленген?




Өз жауабыңызды дұрыс жауаппен салыстырыңыз!

«Әнші құмның» екінші атауы:

Айғайқұм

«Әнші құм» орналасқан қорық:

«Алтынемел» қорығы

«Әнші құм» орналасқан таулар:

Үлкен және Кіші Қалқан тауларының етегінде

«Әнші құмның» биіктігі:

150 метр

«Әнші құмның» ұзындығы:

8 метр

«Әнші құмның» ені:

3 шақырым

Аңызға сәйкес «Әнші құмның» астында кім жерленген?

Әйгілі Шыңғыс хан мен оның сенімді жауынгерлері жерленген.



2-тапсырма. Берілген сөйлемді толықтыр. Қарамен белгіленген сөзді антониммен алмастырып жаз.
Дескриптор:

  • Сөйлемді дұрыс толықтырады;

  • Берілген сөздерді антоним сөздермен алмастырып жазады.

Жел соққан кезде құм жоғары қарай жылжиды. Құм өте ірі. Жел ақырын соқса, құмның дауысы ұшақтың дауысына ұқсайды. «Әнші құмның» дауысын есту үшін туристер жақын-жақын жерлерден келеді.




Өз жауабыңызды дұрыс жауаппен салыстырыңыз!
Жел соққан кезде құм төмен қарай жылжиды. Құм өте ұсақ. Жел қатты соқса, құмның дауысы ұшақтың дауысына ұқсайды. «Әнші құмның» дауысын есту үшін туристер алыс-алыс жерлерден келеді.


3-тапсырма. Берілген сөздерді оңаша және ортақ түрде тәуелдеңіз!
Дескриптор:



Сөздер:
Қорық , саябақ


Өз жауабыңызды дұрыс жауаппен салыстырыңыз!
Оңаша тәуелдеу:

Менің қорығым


Сенің қорығың
Сіздің қорығыңыз
Оның қорығы


Ортақ тәуелдеу:

Біздің қорықтарымыз


Сендердің қорықтарың
Сіздердің қорықтарыңыз
Олардың қорықтары


Оңаша тәуелдеу:

Менің саябағым


Сенің саябағың
Сіздің саябағыңыз
Оның саябағы


Ортақ тәуелдеу:

Біздің саябақтарымыз


Сендердің саябақтарың
Сіздердің саябақтарыңыз
Олардың саябақтары















Бүгін біз:

  • Тыңдалым мәтінін түсіндік.

  • Негізгі ақпараттарды анықтадық.

  • Антоним, синоним, омоним сөздерді орынды қолданып үйрендік.













Қосымша тапсырма:
«Әнші құм» туралы аңыздарды қарастырыңыз!








Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет