Сабақтың тақырыбы «Ерлік-ұрпаққа мұра»



бет1/3
Дата09.05.2022
өлшемі19 Kb.
#33528
түріСабақ
  1   2   3

Сабақ

Мектеп: Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп

Күні: 06.05.2022ж

Мұғалімнің аты-жөні: Жарболина С.Ж

Сынып: 10 Ә

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспаған оқушы саны:

Сабақтың тақырыбы

«Ерлік-ұрпаққа мұра»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Басы


Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.

Сабаққа деген көңіл-күйін қадағалау.

Сабақты бастамас бұрын оқушылардан 7-мамыр қандай күн екенін сұрау.

Өз елінің патриоты болу дегеніміз не?- туралы пікірін білу.



Қушылар амандасады. Сабаққа дайын екендігін, сабақта кім жоқ екенін хабарлайды.

Мұғалімнің сұрағына жауап береді.

Патриотизм туралы пікірлерін айтады.


Слайд 1

Ортасы


Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі сабақ өздеріңізге арналады.

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін

Ғажайып келешектің төккен үнін

Ардақты ағаларға шын көңілден

Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.

Армысыздар, ардақты азаматтар,

Отбасының тірегі, елді бастар.

Құтты болып мереке баршаңызға

Бақ-береке әкелсін отбасыға!

Халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталған Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін білдіретін, біздерді Отаншылдыққа тәрбиелейтін мақал - мәтелдермен танысайық.

1. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

2. Отанның алғысы – жүректің қуанышы.

3. Өз елің – алтын бесік

4. Отан - елдің анасы, ел – ердің анасы.

5. Орағың өткір болса, қарың талмайды

Отаның берік болса, жауың алмайды.

6. Отан – қуат, отбасы – шырақ.

- Балалар, сендер де Отан туралы мақал - мәтелдер білесіңдер ме?

Сұрақ - жауап

1. Өз Отаныңды қалай қорғайсың?

2. Қасыңдағы қазақ құрбың орысша сөйлеп тұр, сен не істейсің?

3. Өз Отаныңның нағыз азаматы болу үшін бойыңда қандай қасиеттер болу керек?

- Балалар, қазақта 7 санын киелі сан деп атаған. Сол себепті біз де еліміздің жеті белгісін есте мәңгі сақтаймыз.
Біз – тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық .




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет