Сабақтың тақырыбы: Геометриялық оптика. Сабақтың мақсаты



бет1/3
Дата13.04.2023
өлшемі1,39 Mb.
#82180
түріСабақ
  1   2   3



Сабақтың тақырыбы: Геометриялық оптика.


Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жарықтың сыну, шағылу құбылыстарымен танысу; Гюйгенс принципі негізінде сыну заңын қорыту; оқушылардың табиғат құбылыстарына деген материалдық көзқарастарын қалыптастыру, ғылыми білімдер мен заңдар негізінде құбылыстарды түсіндіру.
Дамытушылық:дидактикалық әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер, түрлі танымдық ойындар арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, танымы мен талғамын өсіру.
Тәрбиелік:Оқушыларды ізденімпаздыққа, өз бетінше еңбектенуге, жылдам ой қорыта білуге дағдыландыру, топпен жұмыс істей білуге баулу.


Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық «Физика 7-11 класс», деңгейлік тапсырмалар, физикалық құрал-жабдықтар: лазерлік-оптикалық прибор, призма, жартылай цилиндр, айналар, «Жарықтың сыну мен шағылуы» презентациясы, суы бар стақан, қасық, түйреуіщ, суы бар ыдыс, пробка, тиын.


Сабақтың түрі: диалогтық панорама


Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, ой қозғау, СТО элементтері, Занковтың дамыта оқыту технологиясы


Пәнаралық байланыс: геометрия, философия, қазақ әдебиеті


Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Екі топтан топ басышыларын сайлап, сабақ соңында бағалату.
ІІ «Ашылмаған құпиялар» ғаламшары - Үй тапсырмасын тексеру.
а) Өткенге шолу

  1. Оптика дегеніміз не ?

  2. Б.з.д. ІІІ ғасырдағы жарық табиғаты жөнінде көзқарастарын білдірген ежелгі грек философтары ?

  3. Жарық дегеніміз не?

  4. Жарықтың қандай теориялары бар ?

  5. Ағылшын ғалымы Максвеллдің дәлелдемесі ?

  6. Жарық жылдамдығы неге тең ?

ә) Жазбаша сұрау.
Балалардың өз бетімен үйден орындап келгшен шығармашылық жұмыстарын тексеру /мәнжазба/


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет