Сабақтың тақырыбы: Қылмыстық құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғалар



бет1/2
Дата08.01.2023
өлшемі25,3 Kb.
#60670
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Құқық негіздері 10 сынып ҚМЖ


Білім беру ұйымының атауы

А.Жексембеков атындағы орта мектеп

Пәні:

Құқық негіздері

Бөлім:

Қылмыстық құқық жүйесі

Педагогтің аты-жөні:

А.Омарбекова

Күні:

09.12.2022 ж.

Сынып: 10 б

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қылмыстық құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғалар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:


ЕБҚ

10.2.4.3 нақты мысалдар арқылы қылмыстық теріс қылық пен қылмысты қоғамдық қауіптілік дәрежесіне сәйкес сипаттау
10.2.4.4 кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту ерекшеліктерін құқықтық жағдаят мысалында анықтау

Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғалар мен қылмыстық құқық бұзушылықты түсіну



Сабақтың мақсаты

нақты мысалдар арқылы қылмыстық теріс қылық пен қылмыстық қоғамдық қауіптілік дәрежесіне сәйкес сипаттайды
кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту ерекшеліктерін құқықтық жағдаят мысалында анықтау

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру





Миға шабуыл әдісі

  1. Қылмыстың қандай категориялары бар?

  2. Қылмыстық теріс қылық дегеніміз не?

  3. Қылмыс дегеніміз не?

  4. Қылмыстық құқық қағидаттарын атаңыз

  5. Қылмыстық құқықтың негізгі функциялары

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу



мадақтау

Оқулық

Жаңа білім



Зерттеу және талдау Оқушыларға тақырыптарына байланысты мәтінмен қамтамасыз етіп, мәтін бойынша талқылау жұмытарын жүргізу
Талқылау
Қылмыстық теріс қылық деп қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян келтірген не адамның жеке басына, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру қатерін туғызған, оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары , қоғамдық жұмысқа тарту, қамауға алу түрінде жаза көрсетілген, айыпты жасалған іс әрекет (әрекет не әрекетсіздік) танылады. Оның өзіне тән 4 белгісі көрсетілген:
1. Әрекет қасақана болуы;
2. Қоғамға зор қауіп төндірмеуі;
3. Болмашы зиян келтіру немесе келтіру қаупін туғызу;
4.Оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу түріндегі жаза көзделуі тиіс.
Қылмыс пен қылмыстық теріс қылықтың айырмашылығымен таныстырады



1.Азамат М. Ішкі істер басқармасында қызмет етеді. Ішкі істер басқармасында 3 миллион тұрғынның жеке мәліметтерін өз серверлерінде сақтайды. Бір күні азамат М. қателік жасауының нәтижесінде 3 миллион тұтынушының жеке өміріне қатысты ақпарат көпшілікке таралып кетеді.

2.Цирк қызметкері Аманов достарымен отырыс үстінде өзінің мас күйіне қарамай, көзін байлап Нұржановқа бірнеше пышақ лақтырмақшы болады. Қарсылық көрсеткен Нұржановқа «Күнде істеп жүрген жұмысым емес пе, тигізбеймін», - деп сендіреді. Осылайша «өнер» көрсету үстінде бір пышақ Нұржановтың өмірлік маңызды дене мүшесінің біріне тиіп, ауыр жарақат алады.

Әрекет түрі______________

Әрекет түрі______________

Түнгі уақытта азамат Н. банкке басып кіріп, күзетшіні суық қару қолдану арқылы қорқытып, кассадағы ақшаны тонайды.

Көлік жүргізіп келе жатқан азамат Г. жол жүру жылдамдығын рұқсат етілген жылдамдықтан асырып қарсы жолға шыға берісте қарсы келе жатқан көлікпен үлкен жылдамдықта соқтығысады. Нәтижесінде көлік жүргізуші қайтыс болады. Қарсы келе жатқан көліктің жүргізушісі мен жолаушысы ауыр дене жарақатын алды.

Әрекет түрі______________

Әрекет түрі______________

Жоғарыда берілген қылмыс/қылмыстық теріс қылыққа байланысты берілген жағдаяттарды қоғамға қауіптілігі деңгейі бойынша орналастыр
1.
2.
3.
4.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет