Сабақтың тақырыбы Жырдың тақырыбы мен идеясы. Заман көрінісі, заман бейнесі



бет1/2
Дата13.05.2023
өлшемі164,25 Kb.
#92814
түріСабақ
  1   2

САБАҚ: 2

Мектеп:

Мерзімі:

Оқытушының аты-жөні: Байырова Ж. Р.

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар: 0

Бөлім

Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Сабақтың тақырыбы

Жырдың тақырыбы мен идеясы. Заман көрінісі, заман бейнесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушы
автор бейнесін анықтайды;
Көптеген оқушы
автор бейнесіне талдайды;
Кейбір оқушы
автор бейнесіне қатысты негізгі ойларға талдау жасайды.

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, талдау

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминалогия: автор бейнесі, идеялық-стилистикалық тұтастырушы, заман шындығы, ұлт-азаттық көтеріліс жыршысы,
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері:
Автордың идеялық нысанасы, көзқарасы…
Автордың шығармадағы оқиғаларға көзқарасы, кейіпкерлерге қатынасы...

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы (6-құндылық)

Алдыңғы сабақта

Шығарманы сюжеттік-композициялық құрылысына талдау жүргізді.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушылары 5 топқа бөлінеді.
Қызығушылықты ояту.
Сынып оқушылары «Мозайка» әдісімен
5 топқа бөлінеді.

Бұл заттардың кімге тән екенін анықтау және атауларын, не үшін қолданылатынын анықтату.

Оқу мақсатымен, бағалау критерийімен танысады.





Оқушылар назарын сабаққа аударады.

Сынып оқушылары «Мозайка» әдісімен


5 топқа бөлінеді.

Сабақтың мақсатын, тақырыбын, бағалау критерийін анықтайды.



ҚБ «Нысана»
Оқушы
лар стикер жапсыру арқылы бағалай



Сабақтың ортасы
8 минут


Мағынаны тану.
Оқушыларға автор бейнесін талдау, идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөлін анықтау үшін топтық тапсырмалар беріледі. Топтар жұмысын А3 форматындағы қағазға жазып, сынып қабырғасына іледі.
Тапсырма: Берілген ойды топта талқылай отырып, себебін анықтаңыздар.
1-топ: Автор – оқиғаны баяндаушы, себебі ...
2-топ: Автор батырлардың ерлігін бұрынғы батырлар жыры дәстүрінде бейнелейді, себебі ...
3-топ: Автор – заман шындығын тебірене жырлаушы, себебі ...
4-топ: Автор – ұлт-азаттық көтерілістің жыршысы, себебі ...
5-топ: Автор – өмір шындығын көркем шындыққа айналдырды, себебі ...

Бағалау критерийі

Дескриптор

автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасайды;

автор бейнесіне шығарма үзінділерін байланыстыра талдау жүргізеді;



«Әткеншек» әдісі
Топ оқушылары бірлесе жүріп, әр топтың жұмысымен танысады, топ болып талқылайды, қажеттілігіне қарай толықтырады.


Кері байланыс
Қай жауап көңіліңізден шықты? Неліктен?
(Оқушылар өзінің жеке пікірін білдіруге, бағалауға мүмкіндік алады.)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет