Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары Сабақтың тақырыбы: Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері.Жұлын.Ми.Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметтері.
Бөлім:
9 – тарау. Координация және реттелу
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Әділ А.Ж.
Күні:
17.10.2023
Сынып:
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері.Жұлын.Ми.Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметтері.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
7.1.7.4 Орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметін салыстыру
Сабақтың мақсаты
• Орталық және шеткі жүйке жүйесімен таныстыру.
• Жұлынның құрылысы мен қызметін түсіндіру.
• Бас мидың бөліктерінің қызметін анықтау.
• Бас миы мен жұлындағы ақ зат пен сұр заттың ерекшелігіне байланысты салыстыру
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/уақыты
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. 3 мин.
Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:
Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.
I – Үшбұрыштар тобы
II – Дөңгелектер тобы
III – Төртбұрыштар тобы
Оқушылар топтарға бөлінеді.
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Фигуралар салынған конверт
Сабақтың ортасы 7 мин.
«Ой толғау» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Әр оқушы өз оймен бөліседі.
1) Мидың ең күшті дамуы 2 мен 11 жас аралығында жүреді.
2) Адам қаншалықты білімді болса, соншалықты мидың зақымдану ауруларына ұшырау қаупі төмен. Интеллектуальді белсенділік ми ұлпаларын жаңартады.
3) Өзініңізге таныс емес нәрсемен айналысу – мидың жақсы дамуына алып келеді. Сонымен қатар, өзіңізден неғұрлым ақылды адаммен сөйлесіп, араласу да ми жұмысын күшейтеді.
4) Ми оттексіз 4-6 минут өмір сүре алады,содан кейін өле бастайды.Егер оттегі 10 минут жетіспеген жағдайда ,мидың ауыр зақымдануына алып келеді.
5) Біздің миымыз бізді жиі алдайды.Ол заттарды шындыққа сай емес ,басқаша қабылдай алады
Өткен тақырып бойынша алған білімдерін пайдаланып,берілген сұрақтарға жауап береді