5.Т/А5 Тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру
5.ӘТН4.3. Сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу.
Сабақтың мақсаты:
Тыңдалған мәтін мазмұнын түсінеді, көркем әдебиет стилімен айта алады.
Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, өз ойларын білдіреді. Көтерілген мәселені түсініп, шешу жолдарын ұсынады.
Мәтінде көтерілген өзекті мәселені толық түсінеді, сындарлы пікір айтады, өз көзқарасын жеткізуде нақты дәлелдер келтіреді. Мәтіндегі сын есімдерді мағыналық түрлеріне қарай табады.
Бағалау критерийлері: Ойлау деңгейлері: түсіну, қолдану, талдау.
мәтін мазмұны негізінде қойылған сұрақтарға жауап береді, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді;
өзіндік пікір қалыптастырып, өмірмен байланыстыра талдайды;
өзекті мәселелер бойынша өз ойын дәлелдермен білдіреді.Сұрақтар қою арқылы сын есімдерді табады.