Оқушыларға жолда жүру ережелерімен таныстыру.
Оқушылардың жолда жүру ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Ресурстар
Сабақ басы
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Бұл іс - шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсатымыз: жолаушылардың жолда жүру ережелерін толық біліп өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне дағдыландыру. Оқушыларды Қазақстан Республикасының «Жол ережесі туралы заңдармен» таныстырып, білімін жетілдіру.
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен, кіші баршамызға.
Мұқият тыңдайды.
«Сәлеметсің бе!» әдісі
Ортасы
Қазақстан Республикасының жол қозғалысы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiн Жол қозғалысы туралы халықаралық конвенцияның талаптарына сәйкес келтiру, сондай - ақ Қазақстан Республикасы Конституциясы 4 - бөлiмнiң 92 - бабын және "Жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 12 - бабын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап мыналар бекiтiлсiн және қолданысқа енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасы жол қозғалысының ережелерi. Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерi.
Бейнероликке назар аударайық.(Автокресло жайлы)
Осы бойынша ой - пікірімізді, көзқарасымызды білдірейік! Автокресло туралы заң қаншалықты елімізге керек? Осы туралы ішкі істер қызметкерлердің пікірлерің білсек.
Жол ережесін бұзатын жаяу жүргіншілерге қандай тәртіптік шаралар қарастырылған?
Бейнеролик
«Қазір де қайнаған тіршілік күре жолдардың бойында. Жол – шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар темір жолмен, тас жолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек. Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасампаздық рухын тарататын өмір - тамырға айналуы тиіс. Аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырады. Облыстардың бip - бipiмeн сауда - саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады
Елімізде, оның ішінде өзіміздің өңірде орын алып жатқан жол көлік оқиғалары қай сипатта орын алуда?
Қазір жастарымыз көлік айдауға құмар. Оның ішінде әкесінің немесе туыстарының көліктерін рұқсатсыз, тіпті құжатсыз айдап кететін жасөспірімдер көп десек қателеспейміз. Осы жандар туралы не айтуға болады?
Жол апаты оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Сендердің жол ережелерін қаншалықты білетіндеріңді тексеріп көрейік, төмендегі сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап беріңдер:
Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
- Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.
2. Жиекжол дегеніміз не?
- Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
3. Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?
- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
4. Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
- Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.
5. Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?
- Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңіне сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады.
6. Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз?
- Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса, көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз. Егер
ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орында күте тұрамыз.