Сабақтың тақырыбы Кәсіптік карта Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата09.03.2023
өлшемі34,24 Kb.
#72689
түріСабақ
  1   2

Білім мен ғылым саласындағы ұлттық және халықаралық жетістіктерді кіріктіру арқылы мектеп қауымдастығының зияткерлік әлеуетін арттыруға ықпал ету.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары


ӘБ жетекшісінің АЖТ ___________________ (қолы) _______



Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Пән:Куратор сағаты

Куратордың аты-жөні:

Мерзімі: 23.02.2023

Қатысушылар: 9 класс

Сабақтың тақырыбы

Кәсіптік карта

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға болашақ мамандық таңдауда көмектесу, оқушылардың мамандық туралы көзқарастарын дамыту, оқушылардың кәсіби қызығушылықтары мен бейімділігін анықтау, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы, мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.

Сабақ түрі

Пікір – алмасу

Құндылықтар

Рухани – адaмгершілік

Күтілетін нәтиже

оқушының өзінің табиғи әлеуеті мен танымдық мүмкіндігін тануы, жеке танымдық қорытынды мен ішкі қажеттіліктері негізінде кәсіби бағдарлану жолын анықтауы;

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар



5 минут
10 минут
5 минут
10 мин
5 мин


5 мин



Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендеймін.


Тренинг. «Сенің ерекше қабілетің»
Бір-бірімізге тек қана бір жақсы қабілетімізді жазайық.
Оқушылар, сыныптастарының арқасында ілінген ақ қағазға, оқушының өзі байқаған жеке қасиетін жазады. Мысалы: ұйымшыл, белсенді, іскер, өнерлі.


Топтық жұмыс. «Фирма презентациясы»
Әр команда өз фирмасына «атауын» ойластырып, оны А-4 форматтағы қағазға безендіріп көрсету қажет. Команда қатысушылары сол фирманың қызметкерлері болып табылып, сол фирманың атқаратын қызметіне сәйкес белгілі бір лауазымдар өзара тағайындалған болу керек. Нәтижесінде, әр команда өз фирмаларының «аталуын», фирма бастығын, «өз қызметкерлерінің» қай қызмет түрін атқаратындығын көрсетіп таныстыру қажет.


Сергіту сәті. «Жасырылған мамандықты тап!» жаттығуы
Нұсқауы. Оқушылар 4 — топқа бөлінеді. Әр топтың бір қатысушысы келіп жүргізушінің қолындағы қағазды суыруы керек. Әрбір қағазда белгілі бір мамандықтың аты жазылған. Барлық топ өздеріне түскен мамандықты қарсы топтарға ешқандай вербалды емес қарым-қатынаста (ешқандай сөз қолданбай), ым-ишарамен, түрлі қозғалыстарымен түсіндіруі қажет. Ал қарсы топтар жасырылған мамандықты табуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет