Біз қандаймыз, қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз, Ренжуді білмейміз. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнге!. «Жалғасын тап» әдісі арқылы өткенді пысықтау -Дыбыс дегеніміз не? -Әріп дегеніміз не? -Дыбыстар нешеге бөлінеді? -Қандай дыбыстарды дауысты дыбыс деп айтамыз? -Қандай дыбыстарды дауыссыз дыбыс деп айтамыз? 1- тапсырма Топтық жұмыс «Суреттер сөйлейді» әдісі 1.Сурет мазмұны бойынша әңгіме құрау: 2- тапсырма Топтық жұмыс «Суреттер сөйлейді» әдісі 2.Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау. 3.Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау. 4.Өтілетін жаңа дыбысы бар «кеме» сөзіне дыбыстық талдау жасау. Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау 3- тапсырма Топтық жұмыс «Суреттер сөйлейді» әдісі 5.Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау. 6.«К» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу. 7.«К» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу. 8.Асықтан «к» әрпін жасау. Дескриптор: Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.
Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.
Дәптермен жұмыс 4-тапсырма
Жеке жұмыс Жазылым «Көркем жазу» әдісі Дескриптор: - жазу жолын, жол аралық кеңістікті, жолдың жоғары және төменгі сызығын сақтайды
- әріптердің өзара байланыс элементтерін жазады.
4-тапсырма
Жеке жұмыс Қандай сөз жасырылып тұр?Жаз ЕББҚ ететін(ойлау деңгейі төмен ) балаға тапсырма Гулдерден сөз құрастырады
Сергіту сәті
Өрімдей, өнген өренбіз, Өркендеп өссін өлкеміз. Өмірім – өзен. Өнерім – өрнек, Өкінбейміз өсеміз! 5- тапсырма Жұптық жұмыс «Құрастыр және сәйкестендір» әдісі Ребусты шешпес бұрын оқушылардан мойны ең ұзын жануар туралы білетіндерін сұрау.
5-тапсырма
Жұптық жұмыс «Кел,ойнайық» әдісі Саралау тапсырмаларын орындау: 1-деңгей: Дыбыстық сызбада жасырылған сөзді ребусты шешу арқылы тауып көр. 2-деңгей: «К» дыбысының «керік» сөзіндегі орнын (ортасында, алдында, соңында) анықта. 3-деңгей: «Керік» сөзімен сөйлем құра. Дескриптор: Саралау тапсырмаларын орындайды