Химия .Жалпы білім беретін мектептің9-сыныбына арналған оқулық.Н.Нұрахметов,К.Жексенбина , Н.Заграничная, Ә.Е. Темирболатова,К.А. Сарманова .Алматы:Мектеп,2013ж.
Жалпы мақсаты
Күшті электролиттердің бірі –екі негізді күкірт қышқылының құрамы, құрылысы,байланыс типін еске түсіріп,қасиеттерін жоспарлы түрде жүйеге келтіру.Қышқылдарға тән ортақ қасиеттері мен ерекше қасиеттерін тотығу – тотықсыздану тұрғысынан және иондық тұрғыда жаза білу.
Қышқылдарға тән ортақ қасиеттері мен ерекше қасиетін тотығу-тотықсыздану тұрғысынан және иондық тұрғыда жаза білу.Күкірт қышқылы және оның тұздарының қолдану салалары жайында білімдерін дамытады.
Табыс критерийі
Күкірт қышқылының физикалық және химиялық қасиеттерін біледі.
Күкірт қышқылымен жұмыс істегенде қауіпсіздік техника ережелерін қолдана алады.
Күкірт қышқылының және оның тұздарының қолдану аясын біледі, теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білуге және алған білімді тиянақтауға дағдыланады..
Түйінді идеялар
Күкірт қышқылы –күшті электорлит.Концентрациялы күкірт қышқылының тотықтырғыш қасиеті.Сульфат- ионға сапалық реакция .Күкірт қышқылы және оның тұздарының қолданылуы.