10 мин
|
Тұсаукесер
Ой қозғау
|
Түрткі, сынама, қайта бағыттау сұрақтары арқылы сабақты аяқтау.
1. Көбейтудің үлестірімділік қасиеті қалай тұжырымдалады?
2. Рационал сандарды көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолдану арқылы жақшаны қалай ашамыз?
3. Жақшаның алдындағы көбейткіш теріс сан болса, жақша қалай ашылады?
|
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты еске түсіреді. Мысалдар келтіреді.
|
15 мин
|
Негізгі бөлім.
Жаңа материалды түсіндіру
|
Әріп бөліктері бірдей қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атайды.
Мысал.4а-9а+3а-17а алгебралық қосындысы берілген .
4а-9а+3а-17а қосылғыштарының әріп бөліктері бірдей. Мұндай қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атайды. 4а-9а+3а-17а=(4-9+3-17)а=-19а Ұқсас қосылғыштарды қосу ұқсас қосылғыштарды біріктіру деп аталады. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін: 1)Олардың коэффициенттерін қосу керек 2)Алынған нәтижені ортақ әріп бөлікке көбейту керек.
Ұсас қосылғыштардың әр түрлі бірнеше тобы болуы мүмкін.Мұндай жағдайда әртүрлі ұқсас қосылғыштардың астын түрліше сызып ,соған қарап біріктіреді. Мысал:5,7х-8у+3,6+4у-3х-5=(5,7-3)х+(4-8)у+(3,6-5)=2,7х-4у-1,4
|
Берілген материалды мұқият оқып шығады.
|
6 сыныпқа арналған оқулық
|