Сабақтың тақырыбы:: Командалық ойындағы көшбасшылық Бөлім



Дата14.02.2023
өлшемі16,76 Kb.
#67856
түріСабақ

Т.Ибрагимов атындағы жалпы орта мектеп
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
8 сынып, 3- тоқсан
Сабақтың тақырыбы:: Командалық ойындағы көшбасшылық

Бөлім

6-бөлім. Командалық ойын-белсенді қозғалыстың іс-әрекеті

Мұғалімнің аты-жөні

Ә.Нұсқабаев

Сынып

8 а,б













Күні

17.02.2022ж













Қатысушылар саны:




Қатыспағандар саны:




Сабақтың тақырыбы

Командалық ойындағы көшбасшылық

Оқу мақсаттары

8.2.2.1. Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді көрсету және қолдана білу

Сабақ мақсаттары

Көшбасшылық, сондай-ақ команда құрамында жұмыс істей білу дағдыларын дамыту және қолдану

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ



Сабақтың кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Оқу ресурстары

Сабақтың
басы
10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Жалпы дамыту жаттығуларын орындау барысында жақсы орындаған оқушыларға баға беріп(жарайсың!,тамаша!,керемет!)деп отырамын

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік, баскетбол добы, ысқырғыш мұғалімге, уақыт өлшегіш, баскетбол қалқаны, техникалық жабдықтар.
Ғаламтор ресурсына сілтеме: Баскетбол ойынының қауіпсіздік ережесі:

Сабақтың
ортасы
30 минут

(С, Ж, К, ҚБ) «Мерген». Танысу үшін капитанға командаға арналған тапсырмалар жазылған оқу карточкасы беріледі. Ол командасымен бірге тапсырмалармен танысып, эстафетаны қалай орындау керектігін түсіндіреді. Тапсырмалар жазылған карточка: команда бойынша үш команданың бағытталушылары баскетбол себетіне қарай жүгіреді. Баскетбол добын алып, оны себетке лақтырады. Егер ойыншы допты себетке түсіре алса, ол өз командасына бір ұпай қосады, егер түсіре алмаса-бөгелмей, допты жерге соғып, өз командасына қайта келеді де эстафетаны келесі ойыншыға береді.

Тапсырмалар жазылған карточка әртүрлі болуы мүмкін. Допты себетке алаңның әртүрлі нүктесінен лақтыруға болады.
Эстафетаны бірнеше әдістерді пайдаланып, кешенді түрде де өткізуге болады.
Сұраңыз: Команда капитаны өзін көшбасшы болдым деп есептей ме? Егер көшбасшы болса, оған не көмектесті, керісінше не кедергі келтірді?
Топтан сұраңыз: Топ капитанға қандай кеңес береді: капитан қандай әрекетін өзгертуі керек?

Сабақ барысында» Бас бармақ және ауызша әдісі арқылы оқушыларды бағалаймын.

Допты кәрзеңкеге лақтыру әдісінің түрлерін көрсетуде, көшбасшылық дағдысын қолданыңыз (жүгіріп келіп лақтыру, бір орыннан лақтыру, бір қырыннан лақтыру, екі қолмен лақтыру т.б).
Дескриптор
- допты кәрзеңкеге лақтыру әдістерін орындап, көрсетеді;
- көшбасшылық дағдысын қолданады.




Сабақ барысында» Бас бармақ және ауызша әдісі арқылы оқушыларды бағалаймын.

Сабақтың
соңы
5 минут

Сабақты қорытындылау:
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.



Сабаққа белсене қатысып, орындаған оқу-ды ортаға шығарып мақтау айтылады. Соңында барлық оқу-дың бағаларымен тааныстырамын.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет