Сабақтың тақырыбы: «Менің сүйікті ертегі кейіпкерім»



Дата18.04.2023
өлшемі64,4 Kb.
#84042
түріСабақ

Бекітемін:

Білім беру ұйымының атауы

М.Шоқай атындағы № 187 ІТ мектеп-лицейі

Пәні:

Тәрбие сағат

Бөлім:




Педагогтің аты-жөні:

Султанова Б.С.

Күні:

13.04.2023

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

« Менің сүйікті ертегі кейіпкерім »

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

Оқушыларға халық ауыз әдебиетінің бір түрі ертегі туралы түсінік беру, ертегілер кейіпкерлері туралы жалпы мағлұмат беру, тақырыптың мәнін ашып түсіндіру.

Сабақтың мақсаты

Ертегілер әлемі туралы танымын кеңейту ,оқушылардың танымдық қасиетін дамыту. Ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру

Өткен білімді еске түсіру


Жаңа білім

Бекіту


Кері байланыс

- Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.
І. Қызығушылықты ояту.
«Қайырлы күн» деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
- Балалар бүгін көңіл - күйлерің қалай?
Балалар бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Менің сүйікті ертегі кейіпкерім»
Адамның қиялдан, ойдан шығарған барлық көне дүниелері мифтер, аңыздар және ертегілер болып үшке бөлінеді. Әрқайсымыз балалық шағымызда таңғажайып сиқырға толы ертегілерді оқыдық. Ертегі –жақсылық пен жамандықты жеңіп,соңы жақсылықпен аяқталатын ойдан шығарылған хикая.Ертегілер - тұнып тұрған қиял-ғажайыптар, жануарлар адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен және басқада халық қиялы тудырған жалмауыз - құбыжықтармен шайқасады.
Қазақ ертегілері сан алуан оларды хайуанаттар туралы ертегілер, қиял – ғажайып ертегілер, тұрмыс - салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер, күлдіргі ертегілер
деп бірнеше топқа бөлуге болады.
Есімізге түсірейікші ертегі қалай басталады.
«Ерте, ерте, ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен,
Қырғауылы қызыл екен.
Құйрық жүні ұзын екен.»
- Жақсы балалар, бәріміз «Ертегілер еліне» барамыз ба?
Барамыз.
- Балалар, ертегілер елін қандай деп ойлайсыңдар?
Ертегілер елі өте қызықты деп ойлаймыз.
- Ертегілер елінде кімдер тұрады?
Ертегі кейіпкерлері, ертегі ханшайымы тұрады.
- Қандай жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
Алдар көсе, Күлшеқыз, қызыл телпек.тб
Қасқыр, қу түлкі, айдаһар, маса т.б.
- Ертегілер бізді неге үйретеді?
Жалқау болмауға, үлкенді сыйлауға, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйретеді.
Ертегіні бізге кім айтады?
Әжем менің көп біледі ертегі,
Ерінбестен ертегіні шертеді.
«Ерте,ерте, ертеде» деп, бастайды,
Бірнешеуін қабат айтып тастайды.
Еліктіріп,ертек бізді баурайды,
Қызықпасқа ешбір лажың қалмайды.
«Айта берсе екен» деп,
Отырамыз «Ұйқыға әлі ерте» деп.

Ертегі ханшайымынан хат келіпті. Сол хатты оып берейін.
«Сәлеметсіңдер ме, балалар,
Мен, ертегілер елінің ханшайымымын, Мен сендерді үнемі көріп, бақылап жүрмін, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көреді екенсіңдер, олай болса мен сендерді ертегілер елінде күтемін.
Ертегілер еліне тек білгіштер, тапқырлар, өз ісіне ұқыпты, мейірімді, адал балаларды күтемін. Ертегілер еліне келу жолды сиқырлы кітап тауып береді.
Мұғалім:
Қәне, балалар сихырлы кітапты іздеп табайықшы.
- Сиқырлы кітап өте әдемі екен, ашып көрейік, ашылмайды, енді не істедік?
/кітапты сілкіп, тыңдап көреді, үнтаспадан түсініксіз дыбыстар шығады, мұғалім түсінеді/
- Сиқырлы кітап сендерден сұрайды;
- Жеті санымен байланысты қандай ертегі білесіндер?
Жеті лақ пен қасқыр ертегісі Үзінді көрсету
(Сұрақ жауап)
- Үш саны қай ертегіде кездеседі?
Үш аю ертегісі үзінді көрсету
(Сұрақ – жауап)
(Әдемі музыка әуенімен кітап ашылады)
- Балалар, мына суретте ертегі кейіпкерлері сендерден жасырынып тұр, сол кейіпкерлерді іздеп табу керек.
- Бұл қай ертегілер екен? Не көріп тұрсыңдар?
Мұнда ертегі кейіпкерлерінің суреттері "Мақта қыз бен мысық", "Қызыл телпек" ертегілері
- Жарайсыңдар, балалар.
- Ал сиқырлы кітап, балаларға тағы қандай тапсырмаларыңыз бар?
Кім неден күшті? ертегісін сахналаңдар. Қане балалар өз актиорлық шеберліктерінді көрсетіңдер.
Мұз – 1-оқушы
Күн – 2 оқушы
Бұлт - 3 оқушы
Жусан – 4 оқушы
Қошақан – 5 оқушы
Қасқыр – 6 оқушы
Мерген – 7 оқушы
Тышқан – 8 оқушы
Құмырсқа – 9 оқушы
Кітаптың екінші бетін ашуға дайынсыздар ма? Онда ашайық.
Мына суретте нені көріп тұрмыз?
Қоянды
Дұрыс, балалар.Қоян қандай болады?
Қане балалар «Қоянның мұңы» ертегісін тамашалайық.
Қоян бізге қандай мұңын айтады екен?
Қоян – 10 оқушы
Кітаптың үшінші бетін ашуға дайынсыздар ма?Ашайық
- Қараңдаршы балалар, мына суреттерде ертегі кейіпкерлерінің орны ауысып кеттіпті. Олардың орындарын табуға көмектесеміз бе?
Оқушылармен суреттерді ретімен қоямыз.
Оқушылар«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»ертегісін ретімен айтады. Кейін суреттерді реттеп қоямыз.
- Ертегі сендерге ұнады ма?
- Бұл ертегі қалай аталады?
«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
- Ертегідегі қай кейіпкер ұнады?
- Айдаһар қандай?
- Маса не істеді?
- Қарлығаштың құйрығы неге айыр болған?
- Бұл ертегіде қарлығаш қандай екен?
- Сендер де сол қарлығаш сияқты мейірімді, батыл болғыларын келеді ме?
- Бұл ертегіден біз не үйрендік?
Дұрыс айтасыңдар балалар, кіп - кішкентай қарлығаш өзінен қанша үлкен айдаһардан қорықпай оған қарсы шығып, зұлымдықты болдырмай жеңіп шықты.
Сендер де, әрқашан бір - біріне көмектесіндер, бір - бірлерінді ренжітпендер, бір - бірлеріне, үлкендерге жақсылық жасай біліндер.
Мейірімді, адал болындар.
Сабақты қорытындылау
Ертегі ханшайымы кіріп келеді.
Балалар, ертегілер елі сендерге ұнады ма?
Мен де сендердің сырттарынан қарап, риза болып тұрдым. Қандай білімді, алғыр, мейірімді жақсы балалар екенсіңдер. Менің тапсырмаларымды да дұрыс орындадыңдар.
Оқушылар, ата – аналарыңның сүйікті ұл қызы болып, ертегілерді көп оқып жүріңдер Сау болыңдар!



Оқушылар келген қонақтармен танысады.

Ертегі, ертегі кейіпкерлері туралы ақпараттарды айтады



ҚБ:
Жарайсың!


ҚБ:
«Күн көзі»





Дескриптор:
Суретке қарап әңгімелейді-1Б
ҚБ:
«Алмалар»



Дескриптор:


Өлеңді мәнерлеп,түсіне оқып береді-1Б
Сұрақтарға жауап береді-1Б

ҚБ: « Бәрекелді.Шіркін.


Әттең.»



Дескриптор:


Өз ойларын анық жеткізе алады-1Б
Іздену жолдарын біледі-1Б
Дескриптор:
Табиғат құбылыстарын ажырата алады-1Б
Шартты белгілерді атайды-1Б
Дескриптор:
Өлең мазмұнын түсінеді-1Б
Өлеңдегі негізгі ойды табады-1Б

Мықтысың!


Керемет!
«Желкенді кеме» әдісі

Интернет ресурстары


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет