Сабақтың тақырыбы Нәтиже сабақ. «Ыстықкөл сапарының күнделігі» Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата21.12.2023
өлшемі89,94 Kb.
#141963
түріСабақ

«Бекітемін» __________
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Бөлім:

2-бөлім. Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Педагогтің аты-жөні

Хисметоллаева Жанеркем Сағидоллақызы

Күні:




Сынып: 9 « »

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Нәтиже сабақ. «Ыстықкөл сапарының күнделігі»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру



Сабақтың мақсаты

  • Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстыра отырып жаңашылдығына баға береді.




Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
5 минут



Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа назарын аударту. Психологиялық ахуал қалыптастыру.


«Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақ қойып, ұжымда алдыңғы білімді еске түсіреді.
1.Шоқан Ыстықкөлге келгенде алғаш болып нені суреттейді?
2.Шоқан «қырғыз мазарлары» туралы не айтады?
3.«Ыстықкөл сапарының күнделігінде» қандай жер-су атаулары кездеседі?
4.Қазіргі заманда Шоқан секілді саяхатшыларды білесіңдер ме, мысалы?
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын таныстырады.

Оқушылар амандасып, оқу құралдарын дайындайды.
Алдыңғы білімді еске түсіреді.
Сабақ тақырыбымен, оқу мақсатымен, бағалау критерийлерімен танысады.

ҚБ. Мұғалімнің бағалауы

Оқулық

Сабақтың ортасы


8 минут


10 минут

12 минут

Ж. 1- тапсырма. Шоқанның Ыстықкөл сапарында қырғыздардан естіген оба, мазар, қорған, күмбез, қара суқұзғын, Тумырза сөздерін тұжырымдармен сәйкестендір.



ОБА

Ежелгі дәуірден сақталған жерлеу орындары

МАЗАР

Мұсылман қауымының қаза болған адам қабіріне тұрғызған ескерткіші



ҚОРҒАН

Ежелгі қабір үстіндегі тас немесе топырақ үйіндісі



КҮМБЕЗ

Ғимараттардың төбесін жабуға арналған құрылыс түрі

Қара суқұзғын

Су жануары, қазақтар оны қарақаз деп атайды

Тумырза

Тумырза

Ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстыру мақсатында мұғалім түсіндірмесі.
Қазақстанды жаяу аралап шыққан 72 жастағы марафоншы Сәрсенбай Қотырашев өз сапарын аяқтады. Наурыз айында жолға шыққан ақсақал осы уақыт аралығында 8 мың шақырымға жуық жолды жүріп өткен, деп хабарлайды Экспресс К. 
Сәрсенбай ақсақалды елорда әуежайынан бір топ кісі күтіп алғаны жайлы Қазақпарат ақпараттық сайты жазды. Мәліметке сүйенсек, бәрі дерлік ел аумағын жаяу аралаған марафоншыға құрмет көрсетіп, сапарын сәтті аяқтауымен құттықтаған. 72 жастағы қария наурыз айында Ұлытаудан сапарға шыққан еді. Содан бері 8 мың шақырымға жуық жолды жаяу жүріп өткен.
«Жаяу сапарымды Ақтауда аяқтадым. Еліміздің барлық өңірінде болдым. Жоспар орындалды. Мақсатым — Қазақстанды жаяу аралап шығу еді. Енді дүниежүзіне сапар шексем бе деп отырмын. Келер жылы жазда жолға аттанамын», — дейді ақсақал.
Сонымен қатар, ол жаяу жүріп атымды шығару, не рекорд орнатуды көздемегенін де айтты. Тек еліміздің тұмса табиғатын өз көзімен көруді арман еткен екен. Ақсақал сәл тыныққан соң Әзірбайжан мемлекеті арқылы Еуропа, одан әрі АҚШ-қа баруды көздеп отыр. Тізімде, содай-ақ, Қытай мен Моңғолия да бар.
Мәтінді тыңдап, Ш.Уәлиханов пен саяхатшы Сәрсенбай атаның ұқсас тұстары мен айырмашылықтарын ұжымда талқылайды.


ЖЖ.1-тапсырма. Берілген мәтін бойынша шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда Венн диаграммасында салыстырыңыз.



Сәйкестендіру тапсырмасын орындайды.

Берілген материалды мұқият тыңдайды.


Берілген мәтін бойынша Венн диаграммасында салыстыру тапсырмасын орындайды.



Дескриптор: 6 ұпай.

  • Сәйкестендіру тапсырмасын орындайды – 1 ұпай (барлығы – 6 ұпай)


Дескриптор 4 ұпай
- мәтіндегі ақпаратты пайдаланады 1 ұпай;
- саяхатшы мен шығарма авторын салыстырады 1 ұпай;
- ұрпақтар сабақтастығы көрінісін талдайды 1 ұпай;
- дәлелдер келтіреді 1 ұпай.

Мұғалім түсіндірмесі, сәйкестендіру тапсырмасы берілген таратпа қағаздар

Мұғалімнің түсіндірмесі



Венн диаграммасы

Соңы
5 минут

Оқушыларға сабақ барысында берілген тапсырмалардың деңгейін анықтау мақсатында кері байланыс жүргізеді.


Сабақ туралы ойларын парақшаға жазады.

Жазбаша кері байланыс

Кері байланыс парақшасы.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет