Жамбыл атындағы О.М.
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары тексерілді:___________
Сабақтың тақырыбы: Қозғалмалы ойындар спорттық элементтермен.
Бөлімі: 6
|
Қозғалмалы ойындар арқылы қимыл-тірек аппаратын дамыту.15 сағат
|
Педагогтың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
|
Кенгесгалиев Султанбек Қазыбекұлы
|
Күні:
|
21.02.2023ж
|
Сынып: 1 «В»
|
Қатысушылар саны
|
Қатыспағандар саны
|
Сабақтың тақырыбы
|
Құралдармен қозғалмалы ойындар
|
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
1.2.3.1 Түрлі дене жаттығулары орындауда қолайлы оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып,кеңістік,ресурстар мен идеяларды білу және бөлісу
|
|
Сабақтың мақсаты
|
Түрлі дене жаттығулары орындауда қолайлы оқыту ортасын құру маңыздылығын мойындай отырып,кеңістік,ресурстар мен идеяларды білу және бөлісу
|
|
|
|
|
|
|
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыты
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
15 мин.
|
Оқушыларды сапқа тұрғызу
Реттік номер бойынша саналту
Оқушылармен сәлемдесу
Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру
Қауіпсіздік ережесі жайлы ескерту
Бір орындағы саптық жаттығулар: Оңға-солға бұрылу
Жүру жаттығулары:
Қолды белге тіреп, аяқтың ұшымен жүру;
Қолды желкеге қойып өкшемен жүру;
Қолды белге тіреп, аяқтың ішкі қырымен жүру;
Қолды белге тіреп, сыртқы қырымен жүру;
Қол белде жартылай отырып жүру;
Қол тізеде, толық отырып жүру,
Жеңіл жүгіріске көшу
Жүгіру жаттығулары:
Оң жақ қырымен қолды алдыға айналдыра жүгіру;
Сол жақ қырымен қолды алдыға айналдыра жүгіру;
Қолды созып тізені жоғары көтеріп жүгіру;
Қолды жамбасқа қойып аяқты артқа серпіту;
Жай жүріп , демді қалыпқа келтіру.
Жалпы дамыту жаттығуларын орындау:
Оқушыларды сапқа тұрғызып, 1-2-3ке санату, 1-лер 3 қадам алға шығады, 2-лер 2 қадам алдыға шығады 3-тер орындарында қалады.Қолды созып арақашықтық сақтау.
Жалпы дамыту жаттығулары:
-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды белде ұстап басты оңға-солға, артқа-алға бұру.
-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды иыққа тірейміз.
1-2 иықты алға айналдырамыз, 3-4 артқа айналдырамыз.
-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды желкеге қоямыз.
1-2 денені оңға бұрамыз, 3-4 солға бұрамыз
-Бастапқы қалып. Қолды алға созып, қайшылату;
-Бастапқы қалып. Қолды жанына созып, білек буынын, шынтақ буынын, иық буындарын айналдыру.
-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып , қолды белде ұстап белді оңға-солға айналдыру;
-Осы қалыпта оң қолды жоғары көтеріп денені солға иілдіру, сол қолды жоғары көтеріп денені оңға иілдіру;
-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды тізеге қойып, аяқты ішке-сыртқа айналдырамыз.
Алдыға иіліп, оң қолды сол аяқтың ұшына, сол қолды оң аяқтың ұшына алма кезек жеткізу.
Қолды жоғары көтеріп терең дем алып, қолды төмен түсіру.
|
Қауіпсіздік ережесін сақтайды
Команданы тыңдайды
Оқушылар тұрып қалмай, жаттығулардв дұрыс жасап жатқандығын көрсетеді
|
|
Кең алаң
Ысқырық
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |