Қыркүйек айы
№1 таңертеңгі жаттығу кешені (құралсыз)
Жүру. Әр-түрлі бағытта жүру, жәй жүру, шеңбер болып тұру.
Б.қ. аяқ бірге, қол төмен. Қолды алға созу. Төмен түсіру. 5-6 рет қайталау
Б.қ. аяқтың арасын ашып, қол иықта. Қолды жоғары көтеру б.қ. оралу. 5-6 рет қайталау
Б.қ. аяқтың арасы алшақ, қол белде. Отыру, тұру. 5-6 рет қайталау.
Б.қ. аяқтың арасы алшақ, қол белде. Оңға бұрылу. Б.қ. оралу.солға бұрылу б.қ. оралу. 4-5 рет қайталау
«Қояндарша секіреміз». Аяқты бірге, қол бүгулі кеудеде. Секіру. 7-8 сек.
Еркін тыныс алу.
№ 2 таңертеңгі жаттығу кешені (қағаз жапырақтармен)
Жүру, аяқтың ұшымен, өкшемен, қолды жоғары көтеріп жүру, жүгіру, жәй жүру, шеңбер болып тұру.
Б.қ. аяқ бірге, қол төмен. Қолды алға созу. Қолды айқастыру. Ажырату. Б.қ. оралу 4-5 рет қайталау.
Б.қ. аяқтың арасы алшақ, қол төменде. Қолды көтеру, оңға қарай тербелу, солға қарай тербелу, б.қ. оралу. 5-6 рет қайталау.
Б.қ. аяқтың арасын алшақ қою, қол төменде. Қолды алға созу, отыру, тұру, б.қ. оралу. 5-6 рет қайталау.
Б.қ. аяқтың арасын алшақ қою, қол төменде. Тізені бүгу, қолды алға созу, б,қ, оралу. 4-5 рет қайталау.
Б.қ. аяқты алмастырып секіру. 7-8 сек.
Еркін тыныс алу.
Қазан айы
№1 таңертеңгі жаттығу кешені (құралсыз)
Бір қатар тізбекпен жүру, жүгіру.
Б.қ аяқты сәл алшақ қойып, қол төменде. Қолдарын екі жаққа созып, алға- артқа 4 реттен айналдыру, төмен түсіру. Б.қ. келу.4-6 рет.
Б.қ. сол сияқты. Қол артында. Отыру, қолдарын алға созу. Тұру. Қолдарын артқа жіберу. Б,қ. келу. 4-6 рет
Достарыңызбен бөлісу: |