10.1.3.3 - пассивті тасымалдау механизмін түсіндіру
Сабақтың мақсаты:
Пассивті тасымалдау механизмін, қарапайым тасымалдауды түсінеді.
Білім алушылар жеңілдетілген диффузия механизімін сипаттай алады.
Мембраналық каналдар арқылы өтетін диффузиялауды көрсете алады.
Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) “жүрекпен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
.
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
1. Мембрана арқылы заттардың өтуі неге байланысыты?
2. Қарапайым диффузия деген не?
3. Заттарды пассивті тасымалдау дегенді қалай түсінесіңдер?
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.