Сабақтың тақырыбы Сағат саны Күні 1



Дата29.11.2022
өлшемі21,65 Kb.
#53577
түріСабақ
Байланысты:
Сауаттылық негізін қалыптастыру


«Сауаттылық негізін қалыптастыру» таңдау курсының 10 «В»- сыныбына арналған тақырыптық жоспары



Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Күні

1

Кіріспе. Курстың мақсаты мен мазмұнын таныстыру

1

01.09

2

Мәнерлеп оқу сауаттылығын арттыру

1

08.09

3

Мәтін. Мәтіннің түрлері мен ерекшеліктерін тану

1

15.09

4

Мәтінмен жұмыс түрлері мен кезеңдеріне шолу

1

22.09

5

Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс түрлері

1

29.09

6

Мәтінді оқығаннан кейінгі жұмыс түрлері

1

06.10

7

Мәтін бойынша логикалық сұрақтар қойып, жауап алу, жоспар құру

1

13.10

8

«Тыңдалым» дағдысын қалыптастыруға арналған тапсырмалар

1

20.10

9

«Жазылым» дағдысын қалыптастыруға арналған тапсырмалар

1

27.10

10

«Оқылым» дағдысын қалыптастыруға арналған тапсырмалар

1

10.11

11

Мәтін сұрақтарын шешудің жеті жолы. Логикалық тапсырмалар.

1

17.11

12

Мәтін оқи отырып, тезисті сөйлемдер құрастыру, эссе жазу

1

24.11

13

Тілдік бағдар бойынша белгілі тақырыптар бойынша тірек сөздерін табу;

1

01.12

14

Мәтін негізінде ашық сұрақ, түрткі сұрақ, басқа бағыттау сұрақтарын қою жолдары

1

08.12

15

«Тыңдап отырған үштік» әдісі арқылы топтық жұмыс

1

15.12

16

Шығармашылық жазба жұмысының түрлері

1

22.12

17

«Алтын микрафон» әдісі негізінде сұхбат,диалог құру

1

29.12

18

«РАФТ» кестесі арқылы белгілі бір мәтінге сүйене отырып,мақала, хат жазу

1

12.01

19

Мәтін мазмұнына сай мақал –мәтелдер теріп жазу

1

19.01

20

Сөздік қорларын жетілдірудің тиімді- тіл дамыту

1

26.01

21

Мәтін оқи отырып, тезисті сөйлемдер құрастыру, эссе жазу

1

02.02

22

Әр түрлі жанрдағы мәтіндерге сценарий құрастыру

1

09.02

23

Әр түрлі жанрдағы мәтіндерге сценарий құрастыру

1

16.02

24

Сөздіктермен жұмыс

1

23.02

25

Оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу

1

02.03

26

Мемлекеттік тілде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасауға дағдыландырудың жолдары

1

09.03

27

Мемлекеттік тілде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасауға дағдыландырудың жолдары

1

16.03

28

Мәтіннің негізгі тірек сөздері беріліп, мәтіннің мазмұнына сай логикалық ретімен орналастыру

1

30.03

29

«Драма» әдісін пайдаланып, мәтінді рөлдерге бөліп оқу.

1

06.04

30

Рөлдік ойындар

1

13.04

31

Шағын бейне жазба көру, белгілі жерінде үзіп, ой шақыру, бейнежазба бойынша мәтін құрастыру

1

20.04

32

Мәтінің грамматикалық сатысы. Мәтіннің лексикалық құрамын, фонетикалық иірімдерін тану

1

27.04

33

Сөйлеу жағдаятын туғызу

1

04.05

34

Сындарлы оқыту – тәжірибедегі білім шыңы.Оқушылардың алған білімдерін өмірде, әлеуметтік ортада қолдана алуға бағыттау .

1

11.05

35

Қайталау

1

18.05

36

Тест

1

25.05



Түсінік хат
Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайық орнын белгілеген біздің мемлекетіміз үшін қазіргі заман талаптарына байланысты өзіндік көзқарасы, саяси түсінігі бар, білімді әрі жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындап отырғаны сөзсіз.
Қазіргі заман балалардың функционалды сауатты болуын талап етсе, соның бірі - оқу сауаттылығы.
Оқу сауаттылығы: ақпаратты табу; мәтінді интерпретациялау; рефлексия және бағалаудан тұрады.
Оқу сауаттылығы дегеніміз – қарапайым тілмен айтқанда бала өзі оқып отырған ақпаратты толықтай қабылдай біліп, ішінен негізгісін ала білуі.
Оқу сауаттылығын қалыптастыру үшін қазіргі кезде түрлі технологияларды пайдалануға болады. Сондай технологиялардың бірі – оқу және жазу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы болса, сонымен қатар білім беру мен білім алудағы жаңа әдістер болып табылады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының негізгі ұстанымдары топтық жұмысқа, еркін ойлауға, жазбаша, ауызша ой алмасуға, мәтін мәнін ашуға, автор іріктеген сөздер мен сөз тіркестерінде жатқан ұғымдарды түсінуге, әрекеттестікке негізделген. Оқу сауаттылығы түсініп оқудан басталып, сөздер мағынасына, грамматика және тілдік, мәтіндік құрылымдарға талдау жасауды қамтиды. Оқу сауаттылығы бойынша оқушылар мектеп аясында және мектептен тыс уақытта нені оқитынын, қандай мақсатпен оқитынын білуі қажет.
Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруға, соның ішінде мәтінмен сауатты жұмыс жүргізе білуге үйрететін бірден-бір құрал –түрлі жаңа технологиялар, әдістер мен тәсілдер. Біз бұл жұмысымызда оқушылардың оқу сауаттылықтарын қалыптастырудағы белсенді оқыту әдістерінің рөлі мен маңызын ашып көрсетпекпіз.
Курстың мақсаты:

  • Мектептің оқыту мақсатына тоқтала отырып, ойларын айта білуге жетелеу.

  • Мәтінмен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.

  • Мәтінге сұрақ қоя білуге үйрету.

  • Берілген жоғары-төмен дәрежелі сұрақтарға жауап беру.

  • Мәтіннен негізгі идеяны таба білу.

  • Мәтінге сүйеніп диалог құрастыра білуге дағдыландыру.

  • Мәтіннен түсінгеніне сүйеніп, ой қорыта білуге дағдыландыру.

Міндеттері:

  • оқушылардың сөйлесім әрекеттерін дамыту, өз ойы мен көзқарасын дұрыс, түсінікті етіп жеткізуге, пікірін пайымдай білуге үйрету;

  • ғылыми-көпшілік, көркем әдебиет, публицистикалық стильдердегі мәтіндер бойынша жоспар, тезис жазу, эссе жазу, реферат-баяндама жазу дағдыларын дамыту;

  • тіл мен тәрбиенің бірлігінде оқушының бойына елжандылық сезімін қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет