Ой қозғау Оқушылар,әр елдің сәлемдесу ерекшеліктеріне тоқтала отырып,сабақтың тақырыбын ашамыз. «Сәлем-сөздің анасы» Тыңдалым алды тапсырмасы: Төмендегі сұрақтарды қойып, сәлемдесу үлгілерінің суреттері бойынша оқушы пікірін тыңдауға болады.
· Сәлемдесу не үшін керек?
· Сәлем беру мен сәлем алудың айырмашылығы неде?
· Суреттегі сәлем түрлерін сөйлете синонимдерді тиімді қолдану.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
Мәтінмен жұмыс Сәлемдесу – кездескен адамдардың бір -бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі. Бір –біріне аман - саулық тілеп тілектестігін, ниеттестігін білдіреді. Әрбір адам « қайырлы таң», « қайырлы күн », « қайырлы кеш » деген сөздермен амандасуға тілек пен ізеттілік нышанын көрсетіп, тәуліктің үш мезгілін де бір – бірімен ақжарқын амандасуға тиіс.Амандасу -- адамгершіліктің , әдептіліктің бір белгісі болып табылады.« Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені,Жақындықтың белгісі - келіп -кетіп жүргені » ,- деп халқымыз бекер айтпаған болар.
Ақсақал мен жігіттің амандасуы Жігіт:Ассалаумағалейкум, ата!
Ата: Уағалейкумассалам, балам!
Жігіт:Деніңіз сау ма? Аман -есенсіз бе?
Ата: Құдайға шүкір, балам . Тәңірдің берген ырыздығын жеп жүріп жатырмыз.
ЕБҚ оқушылар негізгі термин сөздерді мәтіннен анықтайды;
2. Қарт әже мен қыз баланың амандасуы: Қыз:Армысыз , әже?
Әже. Бар бол, балам!
Қыз:Үй іші, бал – шағаңыз аман ба?
Әже:Тәңірге тәуба, барлығы күйлі - қуатты, аман -есен.
Пікіралмасу –
сәлемдескен кезде сәлемді алмаған мәдениеттілікке жата ма?
- сәлем беру үлгілерінің мағынасын ашу үш топқа тапсырылады
ЕБҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсету мақсатында үлестірме материал беріледі.
Ақпараттық мәтінмен жұмыс
Дескриптор - ақпарат береді
- анықтайды;
Дескриптор- ажыратады;
сипаттама береді;
Дескриптор - сәлемдесу туралы талдау жасайды;
мәдениеттілік жайлы түсінік алады - сәлем беру үлгілерімен танысады
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
ҚБ «Ең үздік жауап»
ҚБ «Алақан-жұлдыз»
ҚБ «Ең ұтымды жауап»
Ақпараттық мәтін
Үлестірмелі қағаздар
Суреттер
Тірек-сызбалар
Кесте
Қорытынды
Кері байланыс Не білдім?
Не көрдім?
Не түсіндім?
Нені жетілдіруім керек?