Сабақтың тақырыбы Сәлем -сөздің анасы. Ата-бабадан қалған ілтипат отбасының негізі



Дата17.04.2023
өлшемі150,16 Kb.
#83461
түріСабақ
Байланысты:
Ертуғанова Жанбота 5 сынып ҚМЖ


Бөлім:

Парасаттылық және әдеп

Педагогтің аты-жөні

Ертуғанова Жанбота Ертуғанқызы

Күні:

11.04.2023

Сынып:5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Сәлем -сөздің анасы.
Ата-бабадан қалған ілтипат – отбасының негізі.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға сәлемдесу туралы мәлімет беру, оның инабаттылық, әдептілік, адамдық қасиеттің негізгі арқауы екенін ұғындыру.Ұлттық салт – дәстүрмен таныстырып, адамгершілікке тәрбиелеу

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар үлкенді құрметтеуге,адамгершілікке баулу



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің іс- әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ой қозғау Оқушылар,әр елдің сәлемдесу ерекшеліктеріне тоқтала отырып,сабақтың тақырыбын ашамыз. «Сәлем-сөздің анасы» Тыңдалым алды тапсырмасы: Төмендегі сұрақтарды қойып, сәлемдесу үлгілерінің суреттері бойынша оқушы пікірін тыңдауға болады.
· Сәлемдесу не үшін керек?
· Сәлем беру мен сәлем алудың айырмашылығы неде?
· Суреттегі сәлем түрлерін сөйлете синонимдерді тиімді қолдану.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу



ҚБ «Мадақтау»

Тақырыптық суреттер

Жаңа сабақ

Мәтінмен жұмыс
Сәлемдесу – кездескен адамдардың бір -бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі. Бір –біріне аман - саулық тілеп тілектестігін, ниеттестігін білдіреді. Әрбір адам « қайырлы таң», « қайырлы күн », « қайырлы кеш » деген сөздермен амандасуға тілек пен ізеттілік нышанын көрсетіп, тәуліктің үш мезгілін де бір – бірімен ақжарқын амандасуға тиіс.Амандасу -- адамгершіліктің , әдептіліктің бір белгісі болып табылады.« Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені,Жақындықтың белгісі - келіп -кетіп жүргені » ,- деп халқымыз бекер айтпаған болар.

Ақсақал мен жігіттің амандасуы
Жігіт:Ассалаумағалейкум, ата!
Ата: Уағалейкумассалам, балам!
Жігіт:Деніңіз сау ма? Аман -есенсіз бе?
Ата: Құдайға шүкір, балам . Тәңірдің берген ырыздығын жеп жүріп жатырмыз.
ЕБҚ оқушылар негізгі термин сөздерді мәтіннен анықтайды;
2. Қарт әже мен қыз баланың амандасуы:
Қыз:Армысыз , әже?
Әже. Бар бол, балам!
Қыз:Үй іші, бал – шағаңыз аман ба?
Әже:Тәңірге тәуба, барлығы күйлі - қуатты, аман -есен.
Пікіралмасу –
сәлемдескен кезде сәлемді алмаған мәдениеттілікке жата ма?
- сәлем беру үлгілерінің мағынасын ашу үш топқа тапсырылады
ЕБҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсету мақсатында үлестірме материал беріледі.

Ақпараттық мәтінмен жұмыс
Дескриптор
-
ақпарат береді
- анықтайды;
Дескриптор- ажыратады;
сипаттама береді;


Дескриптор
- сәлемдесу туралы талдау жасайды;
мәдениеттілік жайлы түсінік алады - сәлем беру үлгілерімен танысады

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
ҚБ «Ең үздік жауап»
ҚБ «Алақан-жұлдыз»


ҚБ «Ең ұтымды жауап»



Ақпараттық мәтін
Үлестірмелі қағаздар


Суреттер
Тірек-сызбалар
Кесте

Қорытынды

Кері байланыс
Не білдім?
Не көрдім?
Не түсіндім?
Нені жетілдіруім керек?

Тақырып бойынша не білетінін, , не білгенін жазады

Оқушылар бағалайды

А4, конспект





Үй тапсырмасы

«Сәлем сөздің анасы» Эссе











Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет