Сабақтың ортасы
10 минут
|
Шешендік өнер, қазақ шешендік өнері жайлы теориялық ақпараттық мәліметтермен таныстыру.
1-слайд
Шешендік – қазақ халқына тән ерекше өнер түрі.
Шешендік ғылым тілінде – риторика.
Риторика – сендіре білу, тыңдаушына санасына, сезіміне әсер ету, ықпал жасау.
2-слайд
Шешендік өнер дамыған елдер:
Мысыр, Вавилон, Қытай, Үндістан, көне Грекия
3-слайд
Риторика ғылымының өкілдері:
Протогор, Платон, Аристотель, Сократ, Демосфен, Цицерон.
4-слайд
Аристотель «Риторика» атты еңбегінде шешендік өнердің басты ерекшелігі сөздің анық әрі түсінікті болуы керектігін айтқан.
5-слайд
Платон «Горгий» атты еңбегінде шешешндікті өзін-өзі дамытатын ілім екендігін айтқан.
6-слайд
М.В.Ломоносов шешен болу үшін табиғи дарын, білім, шешендерден үйрену, сөйлеп жаттығу, басқа ғылымдардан хабардар болу керектігін айтқан.
7-слайд
М.Т.Цицерон жақсы шешен болу үшін табиғи дарындылығымен қоса, жан-жақты білімді болу керектігін айтқан.
8-слайд
Б.Адамбаев «Білім беру – шешеннің міндеті, көңілін көтеру – тыңдаушыларға көрсеткен құрмет, күшті әсер ету – қажеттілік», – деген.
9-слайд
Қазақ шешендік өнерін зерттеушілер:
Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы, Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, І.Мәметова, Б.Адамбаев
10-слайд
Қазақ шешендік өнерінің түрлері
Шешендік арнау
|
Шешендік толғау
|
Шешендік дау
|
Шешендік бата, тілек, көңіл айту, ақыл-насихат сөздер
|
Шешендік мақал-мәтел, сұрақ-жауап, шешендік нақыл, қанатты сөз, шешендік жұмбақ, шешешндік мысал
|
Жер дауы, жесір дауы, құн дауы, ар дауы
|
11-слайд
Қазақ шешендік өнерінің өкілдері:
Майқы би, Аяз би, Мөңке би, Едіге би, Әнет баба, Жиренше би, Ақтайлақ би, Бөлтірік шешен, Бала би, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би
|
Шешендік өнердің әлемдік тарихы, қазақ шешендік өнерінің түрлері, зерттелуі жөнінде ақпараттармен танысады.
|
|
Слайд
|