Сабақтың тақырыбы: Шешендік өнер. Майқы бидің шешендік сөздері. Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



Дата14.09.2023
өлшемі58,06 Kb.
#107157
түріСабақ

Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы аудандық білім бөлімінің
«№ 277 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Бекітілді»
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары _____________Н.Жанузакулы
Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

1-бөлім: Атадан қалған асыл сөз

Педагогтің аты-жөні:

Абдикалиева Гулхан

Күні:

11.09. 2023 жыл

Сыныбы:9 «Ә»

Қатысушылар саны: 18 Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы:

Шешендік өнер.Майқы бидің шешендік сөздері.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;
9.2.3. 1.шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін: Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздерінің мазмұнын біледі, сұрақтарға жауап береді, өзіндік пікір айта алады.
Көпшілік оқушылар үшін: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды.
Кейбір оқушылар үшін: шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың түрлерін талдайды, автор стиліне баға береді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу. оқушылардың сабаққа толық қатысуын тексеру, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Психологиялық ахуал орнату.
«Жұлдыз жорамал» тренингін ұйымдастырамын.
Орындау шарты: Оқушыларға сары, жасыл, қызыл түсті жұлдызшаларды өз қалауларымен алғызамын. Жұлдызшалардың артында «Бүгін сені сәттілік күтіп тұр», «Ата – анаңа алғыс айтуды ұмытпа», «Досың сенің кеңесіңе зәру» деген сияқты жорамалдар болады. Содан кейін оқушылар жорамалдарды оқып, бір – біріне сәтті күн тілейді, ынтымақтастық қарым-қатынас орнатады.
Ж. Баласағұнның «Құтты білік» дастаны бойынша сұрақтарға жауап беру. «Попкорн» әдісі арқылы жүзеге асады.
Орындалу шарты: Өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылады. Оқушылар жылдам орындарынан тұрып сұраққа жауап берулері керек.Сабақтың тақырыбын мақсатын хабарлау.

Амандасады.
Бір-біріне психологиялық ахуал қалыптастырады.
Ж. Баласағұнның өмірі мен шығармашылығын біледі.
Тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап бере алады.



Бас бармақ

Мадақтау сөздер


Жарайсың!
Керемет!

Қазақ әдебиеті,
9-сынып.
«Атамұра» баспасы.

Сабақтың ортасы





Мұғалімнің кіріспе сөзі. Майқы би мен Мөңке бидің өмірі мен шығармашылығы жайлы оқушыларға түсінік беремін.
1 - тапсырма. Оқулықпен жұмыс.Майқы бидің нақыл сөздерін, Мөңке бидің шешендік сөзін оқу, сұрақтарға жауап беру, өзіндік пікірлерін айту.
2- тапсырма. Графикалық органайзерлердің көмегімен жүзеге асырылады. Мақы би кім? Мөңке би кім?
3-тапсырма. «Қос диаграмма» кестесі арқылы Майқы би мен Мөңке бидің ұқсастығы мен айырмашылығын ажырату.

Оқулықтан Майқы бидің нақыл сөздерін және Мөңке бидің шешендік сөздерін оқиды. Сұрақтарға жауап береді. Өзіндік пікірлерін айтады.

Майқыға тән қасиеттерді санамалап айта алады.


Мөңке кім? деген сұраққа жауап бере алады.

Майқы мен Мөңке бидің ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратып жаза алады.


Жарайсың!


Керемет!

«Бас бармақ» әдісі



Презентация
Видеоролик Оқулық, дәптер



Мөңке бидің шешендік сөзіне сюжеттік-композициялық талдау жасау.

Мөңке бидің шешендік сөзіне сюжеттік-композициялық талдау жасайды.

«Бас бармақ» әдісі

Оқулық, жұмыс дәптерлері



Мөңке бидің шешендік сөзінен әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдап, автор стиліне баға беру.

Мөңке бидің шешендік сөзінен әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдайды, автор стиліне баға береді.

«Екі жұлдыз, бір тілек»





Сабақтың соңы



Рефлексия «Білім теңізі» әдісі арқылы жүзеге асырамын.
Орындау шарты:Тақырыпты жақсы меңгердім деген оқушылар өз қайықтарын «Білім теңізіне», ал өз біліміне сенімсіз оқушылар «Ереже шығанағында» қалады.
Үй тапсырмасы.
Мөңке бидің айтқан болжамдарды пайдалана отырып, «Менің заманымның келбеті» атты тақырыпта ой толғау жазу.
Кері байланыс.
1. Бүгін не үйрендің?
2. Тақырып бойынша қандай сұрақтарың бар?
3. Келесі сабақта қандай мәселелерге көңіл аудару керек?



Оқушылар кері байланыс жасайды.

Үй тапсырмасын жазып алады.



Жарайсың!


Жақсы!
Талпын!







Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет