Айтыс өнерінде Сүйінбайдың атын шырқау биікке көтерген Қатағанмен сайысы. Өйткені Сүйінбай қазақ халқына қандай танымал болса, Қатаған да қырғыз еліне мəшһүр ақын екен. Екеуі екі елдің тілі, тілегі, мұрат-мақсатындай болған. Қай ел өзінің атақ-абыройын төмендеткісі келеді. Қазақтар Сүйінбай мықты ақын десе, қырғыздар Қатағанды кем соқты демеген. Қатағанды жоғары бағалаған ел-жұрты оны «Арыстан, Арыстанбай» деп атаған.