Біржан мен Сара айтысы



бет1/4
Дата19.01.2023
өлшемі4,11 Mb.
#62013
  1   2   3   4
Байланысты:
Біржан мен Сара айтысы ашық сабақ

Ұйымдастыру кезеңі

  • Әр күніміз ашық болсын!
  • Жүздеріміз жарқын болсын!
  • Талабымыз таудай болып,
  • Сарқылмайтын білім толсын!

Топтастыру 1- топ Ақындар айтысы 2- топ Салт айтысы 3-топ Қыз бен жігіт айтысы 4- топ Жұмбақ айтысы

  • Айтыс дегеніміз не? Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан.
  • Айтыс деген өлеңнің майданындай,
  • Сынға тілді болмайды найза қылмай.
  • Берекесіз көп сөздің жұғымы жоқ,
  • Іріген салақ әйел айранындай.
  • Нәрлі сөзің нұрланып бой балқытсын,
  • Азанғы қой сүтінің айранындай

Айтыстың ерекшеліктері. Ақындар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар кездеседі. Айтысар тақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады. Екі ақын да бірін-бірі тығырыққа қамау үшін, бірін-бірі сүріндіру үшін, өмір құбылыстарын жұмбақ етіп те тартады. Айтыста халықтың әдет - ғұрпы, салт - дәстүрі, дүниетанымы, эстетикалық рухани және әлеуметтік көзқарасы, қалыптасу байқалады. Айтысу қара сөзбен де, күй тарту арқылы да, суырып салма өлеңмен де болуы мүмкін.

Ақындар айтысының тағы бір ерекшелігі "ойында өрелік жоқ" дегендей, айтысқа үлкен де, кіші де, еркек те, әйел де қатынаса береді. Тек талант-дарыны болса, бәйгеге түсер шамасы болса болғаны. Ақын өзінің жеңілгенін білу де айтыстың негізгі шартының бірі болып саналады. Сөзге сөз табу, орынды жерінде ұтымды сөз айту сияқты өзінің, жеңілгендігін білу де жоғары бағаланады.

Біржан мен Сара айтысы туралы

  • Біржан мен Сара айтысы — айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі.
  • Айтыс 1895 ж. қазіргі Алматы облысының Қапал-Ақсу өңірінде Ешкіөлмес тауының баурайында Тоғызқұмалақ мекенінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өтеді. Бұл айтысты ең алғаш 1898 ж. Қазанда “Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны” деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет