Сабақтың тақырыбы: Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері. Нүкте, сұрау белгісі



Дата10.05.2023
өлшемі17,31 Kb.
#91651
түріСабақ
Байланысты:
Сабақ жоспары 25.04.2023


Сабақ жоспары
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 6 А
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері. Нүкте, сұрау белгісі. 
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерімен таныстыру. Төменгі сыныптарда өткен материалдарды еске түсіру. 
Міндеттері: 
1.Жұрт алдында мәдениетті сөйлей білуге дағдыланады. 
2. Теориялық білімді практикада қолданады. Білім, білік, дағдыны қалыптастыру. 
3.Топтық жұмыс кезінде бір-бірімен пікірлеседі,алған білімдерін бекітеді.
Бағалау: 
1. Сұраққа жауап беру арқылы. 
2. Шығарма кестесін толтыру, эссе жазу, мәтіннен қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазу мен сол үзінділер жайлы өз пікірін білдіру. 
3. Өзара пікір алысқан кезінде оқушыларды мұғалімнің бақылауы арқылы. 
Қолданылған әдіс-тәсілдер: “Негізгі идеяны суреттеу”, эссе жазу. 
Көрнекіліктер: Плакат, ақ парақтар. 
Сабақтың барысы: 
Ұйымдастыру кезеңі. 
І. Қызығушылықты ояту 
Қазақ тілі пәнінен төменгі сыныптарда өткен материалдарын еске түсіру. 
Психологиялық жаттығу жұмысы. РЕЛАКСА ЦИЯ. 
Релаксация 
(Психологиялық жаттығу) 
Балалар, әрқайсымыз өзімізге ыңғайлы, жайлы жер тауып отырайық. Басымызды сәл бұрып, қолымызды тіземізге, бар зейінімізді маған аударып, көзімізді жұмайық. Қол аяғымызға жайлы, жағымды энергия берілуде. Денемізден ток жүріп өткендей, аздап ысып келеді. Рахаттану сезімін басымыздан кешкендейміз. Осы қалпымызда 10 секунттай отырамыз. Мен кері санағанда ойымызды жинақтап, көзімізді ашуға даярланамыз. 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0. Енді бәріміз бастапқы қалпымызға келеміз. Көзімізді ашамыз. 
ІІ. Мағынаны тану. 
“НЕГІЗГІ ИДЕЯНЫ СУРЕТТЕУ” СТРАТЕГИЯСЫ. 
1- тапсырманы орындау
1. Мәтінді тыңдау
2. Мәтінде не айтылғаны туралы ой бөлісу, талдау, сұрақ- жауап әдісі арқылы жұптық жұмыс жүргізу.
ТАПСЫРМА: 
2- тапсырма.
Арман туралы жазылған 2 қанатты сөздің мағынасын түсіндіру.
3- тапсырма. Ережені мұғалімнің көмегі арқылы оқу, талдау.
4- тапсырма. Ережені пайдаланып “ Менің арманым” атты шағын мәтін құрау.
Сабақты қорытындылау, кері байланыс.
Не білгенін?
Не білдім?
Не білгім келеді?
Бағалау. Сабаққа қатысуына қарай бағалау.
Үйге тапсырма: М.Шахановтың “ Арман” өлеңін оқу, мазмұндау, түпкі ойын жазып келу. Ереже жаттау.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет