Сабақтың тақырыбы Ұстазым-қамқорым менің, баулыған асыл өнерге Сабақтың мақсаты



бет1/3
Дата16.11.2022
өлшемі113,45 Kb.
#50630
түріСабақ
  1   2   3



Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары



Бөлім:

Парасаттылық және әдеп

Педагогтің Т.А.Ә.

Әтшібай Қ.А, Нысангалиева М.К, Калиясова А.К, Кожахметова Т.О, Искакова Л.С.

Күні: 10.11. 2022ж

10.11.2022ж

Сынып: 6
2 топ

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ұстазым-қамқорым менің, баулыған асыл өнерге

Сабақтың мақсаты

Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дамыту әрі дарыту.




Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушыларға сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

1. Ұстаз деп кімдерді айтамыз? 2. Сендер кімдерді өздеріңе ұстаз санайсыңдар?


3. Ұстаздарыңды қалай қуантар едіңдер?


- Дұрыс айтасыңдар. Тәрбие, тәлім, білім, ақыл беретін адамдарды біз ұстаз дейміз.


Ата-ана – ұстаз, мұғалім – ұстаз, үлкендер – ұстаз, кітап – ұстаз. Олар біздің жақсы адам болып өмір сүруімізге көмектеседі.





Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ
смайликтер

Тақырыптық суреттер
сілтемеде
суреттер
Слайд-1

Сабақтың ортасы


1. Мәтінмен жұмыс. Адырбек Сопыбеков «Ұстаз» өлеңі
Ақылмен ой-санаңа нақты ұстайтын
Жарқырап өмір-бақи тот баспайтын.
Шамшырақ жолындағы – білім болса, 
Ұстаз ол – сол білімге жол бастайтын.
Мектепке тұңғыш рет басқан қадам,
Бәйгеге сендердің ол қосқан балаң.
Білімнің басып алғаш баспалдағын
Танып ап оң мен солын аспандағы. 
Бармасаң әр баланы білімге алып,
Болады сол баланың күні кәріп.
Оқысаң көзің сонда ашылады,
Әрдайым білімдіге – дүние жарық.
Ал онсыз айта алмайсың білеп деп те,
Ап барар білімсіздік кереңдікке.
Қарасаң шығады тек білімдіден,
Ақылда да, даналық та, тереңдік те. 
Сондықтан данышпан да, ақылды адам, 
Ұстаздың ұлылығын мақұлдаған.
Олардың жарқырап бір лаулайтыны, 
Сендерден түскен ұшқын лапылдаған.
Біз үшін білім нәрін арнадыңдар
Қандай бір қиындыққа бармадыңдар.
«Инемен құдық қазған» ұстаздарым,
Күн болып жүректерге орнадыңдар.
Өздерің құт мекенді тұрақ еткен,
Өмірге тұлпар баптап, пырақ еткен. 
Сендердей бақытты жан жоқ-ау, сірә, 
Шәкірттері жер шарына тарап кеткен!
Сұрақтар?
1.Адырбек Сопыбеков «Ұстаз» өлеңде ұстаз деп кімді айтып отыр?
2. Өлеңде ұстаз бойындағы қандай қасиеттер айтылған? деген сұрақтарға қандай пікір айта аласыңдар?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет