Сабактын максаты:Білімділік. Үш параметрдің (Р, V, Т) біреуі тұрақты болып, қалған екі параметрінің арасындағы байланысты анықтайтын заңдарды тұжырымдау. Изопроцестер туралы мағлұмат беру. Дамытушылық. Изопроцестердің өзара байланысын түсіне білуге, формулаларды қолдана отырып есеп шығара білуге үйрету, ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелілік. Пәнаралық байланысты арттыра отырып, теориялық білімін практика жүзінде қолдана білуге, өз бетінше ізденуге, зерттеуге тәрбиелеу. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру І Ой қозғау .
Физикалық диктант. Түйінді сөздер: Изотермиялық, Изохоралық, Адиабаталық, Шарль, Гей – Люссак, Менделеев- Клайперон, Бойль - Мариотт, 1822 ж, 1802 ж , 1800 ж , 11832ж, P, V, Т 1. Көлем тұрақты болған жағдайда процесс ……………………………аталады? 2. Гей - Люссак …………жылы газ заңын тағайындады және процесс ………..аталады? 3. Берілген газдың массасы үшін бір параметр өзгермейтін процесс …….аталады? 4. Р1/Т1= Р2/Т2 теңдеуін тағайындаған ……………………………… 5. Макродененің күйін сипаттайтын параметрлер: …………………………………
«Көпір» тапсырмалары Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Топ әр түрлі білім деңгейі бойынша бөлінеді. Оқушылар электрондық оқулықты ашып, қосымша виртуалды зертханалық жұмыстарын жасайды. Нәтижесін шығарады.
ІІ. Мағынаны тану
Изохоралық процесс
Изохоралық процесс кезiнде газдың көлемі тұрақты және iшкi энергиясының өзгерiсi оған берiлген жылу мөлшерiне тең. Газдың белгiлi бiр тұрақты көлемінде, жылу алған кездегi және жылу берген кездегi газдың жасаған жұмысы қандай болатындығын бақылаңыздар
Нәтиже
Изохоралық процесс. Бұл процесте газ көлемi өзгермейдi: V = const. Газдың iшкi энергиясының өзгерiсi оған берiлген жылу мөлшерiне тең: ΔU = Q. Егер газ қыздырылса , онда Q > 0 және ΔU > 0 – iшкi энергия ұлғаяды. Газды суытқан кезде: