Сабақтың тақырыбы: «Зар заман» ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары



Дата04.04.2023
өлшемі0,76 Mb.
#79416
түріСабақ
Байланысты:
зар заман слайд

Сабақтың тақырыбы: «Зар заман» ағымы өкілдерінің идеологиялық құндылықтары

Орындаған:

Ғаниқызы

Аружан

Қабылдаған:

Тлеубаева Гулзакира

Сабақ жоспары

  • 1. «Зар заман» поэзиялық ағымы қалыптасуының алғышарттары.
  • 2. «Зар заман» дәуірі поэзиясының мазмұны мен идеологиялық құндылықтары.
  • 3. Дулат Бабатайұлы
  • 4. Шортанбай Қанайұлы
  • 5. Мұрат Мөңкеұлы.
  • 6. Әбубәкір Кердері

1. «Зар заман» поэзиялық ағымы қалыптасуы

  • Қазақ халқының ХVIII ғасырдағы тәуелсіздік үшін күресі «Ерлік дәуірі» аталды. Сол кезеңдегі жыраулар жас ұрпақты жаудан қаймықпай қарсы тұруға, табандылық пен ерлікке шақырды.
  • ХІХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінде бұрынғы әншілік-жыршылық дәстүр біртіндеп ығыстырылып, оның орнын жеке поэтикалық шығармашылық ала бастады. Егер бұрын батырлардың ерлік істерін дәріптеу басым болып келсе, ХІХ ғасырдан бастап күнделікті өмірдің әртүрлі салаларын, қарапайым адамды, оның ішкі дүниесі мен мінез-құлықтарын жыр етуде жаңа бастама қалыптасты.

2. «Зар заман» дәуірі поэзиясының мазмұны мен идеологиялық құндылықтары.

  • Жазушы М. Әуезов атап кеткендей, «Зар заман» дәуірінің ақындары XIX ғасырдың ортасына дейін елдің өткен еркін өмірін аңсап, ұлтты рухани құндылықтарынан ажырамауға шақырды, халықтың тағдырын мұң-зармен жырлады.
  • Олар патшалық Ресейдің отаршылдық өктемдігіне, халықтың өз жерінде ауыр жағдайға түскеніне көнбеді. «Зар заман» ақындары елінің ертеңі үшін алаңдады, өткенді сағынышпен, аңсаумен еске алды.
  • ХІХ ғасырдың бірінші жартысында патша үкіметінің отарлау озбырлығы күшейді. Ұлт-азаттық көтерілістер басып-жаншылғаннан кейін халық ертеңгі күніне сенімсіздікпен қарады.

3. Дулат Бабатайұлы

  • Ол Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында дүниеге келген. Отарлық озбырлықтың күшейгенін, 1822–1824 жылдары хандық биліктің жойылуын, округтік орталықтар құрылуын, 1867–1868 жылдардағы әкімшілік реформаларды, ұлт-азаттық көтерілістерді көзімен көріп, жанымен сезінген Дулат Бабатайұлы өз өлеңдерінде халқының басына түскен ауыртпалықтарды жырлайды.
  • Ақын «Өсиетнама» өлеңінде халықтың өткен өмірін жырлады. Ол кезеңде далалықтардың өмірін реттеп отыратын салт-дәстүрлер, әдеп-ғұрыптардың заңнамалық маңызы зор еді.

4. Шортанбай Қанайұлы.

  • Зар заман кезеңінің белгілі ақыны Қазақстанның оңтүстік өңірінде дүниеге келген.
  • Ол өз дәуірінің көрнекті ақындарының бірі. Өзінің жырларында ақын қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеріске ұшыраған сырын ашып, кедей және байға жіктелудің күшейгені туралы айтады.

5. Мұрат Мөңкеұлы

  • . Дәуірдің айтулы өкілдерінің бірі Мұрат Мөңкеұлы болды. Ақын «Қазтуған», «Үш қиян» жырларында елде жаппай қоныстанушылар пайда болып, қазақтардың жерінен айырылғанына қатты күйінді.
  • Ақын елдің бірлігін, жерін сақтаған бұрынғы дара билеушілер саясатының арқасында отарлауға жол берілмеген өткен күнді еске түсіреді.
  • Сонымен бірге ақын күнделікті өмірдегі исламның алар орнына зор мән береді. Ол мұсылмандықты күшейтуді рухани қорған ретінде көреді.

6. Әбубәкір Кердері.

  • Аса дарынды ақындардың бірі Әбубәкір Кердері қазіргі Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Ол өз заманының оқыған, білімді азаматы ретінде Орал, Ақтөбе, Ор қалалары маңындағы қазақ ауылдарында ұстаздық етіп, бала оқытты. Оның өлеңдер жинағы 1905 жылы Қазан қаласында басылып шықты.
  • Зар заман» ақындары елдің жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды, ұлттық әдебиет тарихында лайықты орын алды. Олар өлеңдері арқылы патша үкіметінің әскери-отаршыл әрекеттерінен бұрынғы емін-еркін өмірінен айырылған қазақ халқының қайғылы тағдырын кейінгі ұрпаққа жеткізді.

Соңы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет