Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы:
Зат есім
Сабақтың мақсаты:
а)Зат есім туралы алған білім,білік
дағдыларын еске түсіріп,қорытындылау.
ә) Оқушылардың ойлау қабілетін,сөздік қорын
дамыту,сөйлеу,әңгімелеу дағдысын жетілдіру,өзбетінше жұмыс
орындауға баулу.
б ) Жер-су аттарын танып-
білуге,ізденімпаздыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі ;
Сұрақ-жауап,түсіндіру,талдау,ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі;
Сызба,суреттер,ребус,кестелер.
Сабақ барысы . I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық .
Біз де үлес қосамыз,
Болашақ елдің қамы үшін.
Өз тіліңде адамдарды таң қылып
Сөйлей білу ақылдыға заңдылық..
II.Үй тапсырмасын тексеру.
5-жаттығу.Мәтінді оқы.Баланың жауабынан зат есімдерді
тап.Ол сөздерге сұрақ қой.
III. Жаңа сабақта
1.Ребус шешу.
Зат есім.
-Неше сөз табы бар?
- Зат есім дегеніміз не?
-Зат есімнің сұрақтары?
-Зат есімнің қандай түрлері бар?
2.Топтастыру.
Деректі Дерексіз
Жалқы Зат есім Жекеше
Жалпы Көпше
3.Кейіпкерлер қонақта.
Зат есім, -«Сөз таптары » деп аталатын үлкен мемлекеттің бірінші аймағы
«Зат есім»- біздің ел. Біз бүкіл жанды-жансыз заттар мен құбылыстарды кім?
не? кімдер? нелер? деген сұрақтар арқылы бүкіл әлемге танытамыз.Біз
Жалпы және Жалқы болып екіге бөлінеміз.Мынау- менің Жалпы және
Жалқы деген ұрпақтарым.
Жалпы есім: - Зат есім біздің үлкен атамыз.Біз солардан тараған ағалы-
інілі Жалпы және Жалқы деген ұрпақтарымыз.Екеуміз екі түрлі болсақ та
керекпіз.Мысалы мен Жалпы деген аталарың боламын.Мен Жалқы інім
сияқты көптен бөлініп дараланбаймын.Мен үшін бәрі бір деңгейде,бәрі
жалпы.Сондықтан да жалпы атанғанмын.
Жалқы есім: -Мен зат есімнің «Жалқы есім » деген ұрпағымын.Мен бүкіл
адамзат баласын,асқар-асқар тауларды,айдын шалқар
көлдерді,мемлекеттерді,қалаларды,кітап, газет-журналдарды жекелеп,
даралап көрсетемін.Ірілігім сол емес пе,ылғи бас әріптен бастап жазыламын.
4 .Мағынаны ашу стратегиясы.
«Баскетбол ойыны»
Шарты ; Екі қатарда баскетбол торы тұр.Екі оқушы шығады.Бір
бағанға жалпы есім,екінші бағанға жалқы есім жазу.
Жалпы есім Жалқы есім
қарға, балапан,Ақтау Асқар
торғай Ақтөс көмір
Алатау Ақ желкен
Жайық кітап доп
5.Дәптермен жұмыс.
а) Күннің жадын жазу
ә) Көркем жазу.
Кітап-білім бұлағы
6.Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Оқыту.
Бұйымдар: текемет,сандық,көрпе,жастық.
Ыдыстар: тостаған,табақ,кесе,қасық,ожау,шара.
Сандық-әр түрлі бұйым салып қоюға арналған ағаш не темірден жасалған үй
жиһазы.
Текемет-бетіне әр түрлі ою-өрнек салынып басылған киіз.
Сырмақ-түрлі-түсті киізден,матадан сырып,оюлап жасаған әшекейлі,ұлттық
үй жиһазы.
Тостаған-ағаштан жасалған кішілеу дөңгелек ыдыс
Шара-ағаштан жасалған үлкен тегене.
2-жаттығу. Сөздер тобын толықтырып жаз.
Адамның аты-жөні; Оразұлы,...,...,....
Жер аттары; Сарыарқа,...,...,....
Өзен-көл аттары; ...,...,...,
Қала аттары; ...,...,...
3-жаттығу.Жалқы есімдерді жалпы есімдерге айналдырып жазу.
Алматы-алматылықтар
Панфилов - панфиловшылар
Астана-астаналықтар
Суворов-суворовшылар
Семей-семейліктер
Америка-америкалықтар
(Суреттерін көрсету)
Панфилов
Иван
Васильевич 1.01.1893 жылы
Ресейде дүниеге келген.Әскери
қайраткер,генерал-майор.Кеңес
Одағының Батыры.(1942.12.04.)
1
ші
д.ж.соғысқа,1918-20
жылдары
Азамат
соғысына
қатысып,25-ші
атқыштар
дивизиясында
взвод,рота
командирі болды.
Суворов
Александр
Васильевич13.11.1729
жылы
Мәскеу
қаласында
дүниеге
келген.Әскеи қолбасшы.Соғыс
өнерін дамытушылардың бірі.
5-жаттығу. Ертегіні аяқта.
Бір күні Қоян орманда Қасқырға кез болыпты.
-Мен ашпын,қазір сені жеймін!-депті Қасқыр.
7.Шығармашылық тапсырма.
Аю,ағаш,кесе.
1-топ. Етістік қосып айту.
2-топ. Сын есім қосып айту.
3-топ. Сан есім қосып айту.
8.Семантикалық картамен жұмыс.
Сөз таптары
Сөздер
Етістік
Зат есім
Сын есім
Сан есім
Жанар
төрт
сыйлады
қызыл
IV. Сабақты қорытындылау.
Бекіту.
Сәйкестендір.
Зат есім бер,айтты,ойланды.
Сын есім бала,ит,аға,кітап.
Сан есім қызық,әдемі,келбетті.
Етістік үшінші,екі, алтау,он бес.
Бағалау.V.Үйге тапсырма.
4-жаттығу.21-бет (түсіндіру)
Достарыңызбен бөлісу: |